-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    01.04.2025
    in Мәдениет
    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Көпен Әмірбек жүрген жерін күлкіге көміп жүре ме, әлде қызықты оқиғаның өзі көкемді іздеп жүре ме, әйтеуір, ол кісіні анадайдан көргеннен езуіміз еркімізге бағынудан қалады.

    * * *
    – Мектепте оқып жүрген кезімде бір қызбен тобық ойнадық, – деді бір ретте. – Оны кез келген уақытта сұрауға, талап етуге хақы­мыз бар, жеңіліп қалмайын деп, құйттай тобықты қалтамнан тастамай, алып жүрдім. Қыз киімінде қалта бола бермейді ғой, ақыры бір күні оқыста тобығымды сұрап қалып, оңбай тосылттым. Ол жеңілді. Қарымтасына мен оның бетінен сүюім керек. Ол кездің қыздары ұялшақ қой, біреу-міреу көріп қоймасын деп тартыншақтағасын, ауыл сыртындағы айдала жазыққа шықтық. Әбден ұзап барып тоқтадық. Айналада тірі жан жоқ. «Ал» деп бетінен сүюге ыңғайлансам, «Тұра тұр, өтіп кетсін дә…» дейді. «Кім?» деймін түкке түсінбей, сөйтсем, сұқ саусағымен аспанды нұсқайды. Қарасам, төбемізде «АН-2» деген ұшақ кетіп барады екен.

    * * *
    – «Ара» журналында жұмыс істеп жүргенде «Нива» деген жеңіл көлік алдым, – дейді тағы бір естеліктің шетін шығарып. – Тұңғыш «тұлпарым» ғой, дос-жаранға көрсетіп, мақтатып, мәз болып қалдым. Бірде жұмыстан қайтар кезде Садықбек Адамбеков ақсақалды үйіне жеткізіп тастамақ болдым. Бір жағы, ол кісіге де көлік алғанымды білдіріп қоймақпын. «Нива» дегеннің бір қолайсыздау жері – арт жағында есік жоқ. Алдымен алдыңғы орындық тұсындағы есігін ашып, ол орындықты алға ысыра «еңкейтіп», адамды артқа өткізіп жібересің. Түсер кезде де алдымен есікті ашып, алдыңғы орындықты жаңағыдай жығып барып, арттағы кісіні жетектеп алып шығасың. Садықбек көкемді де сөйттім. Үйінің алдына әкеліп, түсірген соң:
    – Көке, ініңіздің көлігі қалай екен? – дедім өрекпіп.
    Сонда ол кісінің:
    – Көкеңді артынан теуіп кіргізіп, сақалынан сүйреп шығарғаның болмаса, көлігің көлік-ақ екен! – дегені.
    * * *
    Қайбір жылы Көпекең екеуміз Шымкенттен Алматыға бірге қайттық. Пойызбен. Үстіңгі екі орында менің екі қызым ұйқының жоспарын орындады, ал астыңғы қос төсекте жастықты қопсытып алып қолтыққа ұрдық та, жамбастап жате-е-еп, өзіміз таңғы төртке дейін әңгіме соқтық. Турасын айтқанда, соққан – ол да, тыңдаушы – мен. Байқап отырсам, Көпекең өмірдегі жетістіктеріне үнемі екінші рет талпыну арқылы жетіп отырған екен. Мәселен, бірінші ретінде оқуға түсе алмай, келесі жылы келіп түскен; жұмысқа тұрарда да әуелгі ұмтылысы сәтсіз болып, екіншісінде орайы келген; тұңғыш кітабы шығар кезде де бастапқы қолжазбасының жолы болмай, бірер жылдан кейінгі екінші ұсынған нұсқасы жарыққа шыққан, тағы сол сияқты. «Қызық екен, мұның себебі не болғаны сонда?» десем, «Қайдам, өзім де әкемнің екінші әйелінен туғам ғой, содан шығар?» дейді.

    ***
    Шығармашылығында да Көпекең оспақсүйер оқырманды оқиғасының қызықтылығымен де, кейіпкерінің мінез-құлық, болмыс-бітімімен де, сөзбен күлкілі сурет сала білетін сайыпқыран шеберлігімен де ішек-сілесін қатырады. Оның бейнелі теңеулерінің қашанда ұлттық ұғыммен қабысып жататын тартымдылығы, ана тіліміздің көркемдік құнарын барынша аша түсетін сөз қоры, сөйлем құру нақыштары сықақшыны басқалардан ерекшелеп, оқшаулап тұрады.
    Сәкен Сыбанбай

    Ұсынымдар

    Имандылық бастауы

    Имандылық бастауы

    12 months ago
    Қонаевта Республика күні атап өтілді

    Қонаевта Республика күні атап өтілді

    2 years ago
    Ұмытылмас сол күндер

    Ұмытылмас сол күндер

    2 months ago
    Энергетика – халық игілігі

    Энергетика – халық игілігі

    12 months ago
    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    Жаңа ХҚКО бой көтеруде

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>