-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Алматы облысында 45 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

    23.05.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Үкімет, Экономика
    Алматы облысында 45 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыс бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты атқарылған жұмыстар жөніндегі брифинг өтті.

    Брифингке облыстық жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру және жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алу бөлімінің басшысы Қайрат Қыдырбаев пен жер қатынастарын басқару департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Арман Сәрсенбай қатысты.
    Мемлекет басшысының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлерді қайтару туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыстық жер ресурстарын басқару департаменті мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы бойынша биыл жыл соңына дейін облыс көлемінде Қазақстан заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы көлемі 220 мың гектар жерді қайтару жоспарланған.

    Аталған тапсырма бойынша биыл облыстық жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан пайдаланылмай жатқан жерлерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде 601 тұлғаның жалпы көлемі 285,5 мың гектар пайдаға аспай жатқан жері анықталды. Соның ішінде жалға берілген, 349 заңды тұлға иемденіп отырған жер көлемі 235,8 мың гектарды құраса, жеке меншіктегі 252 тұлғаның иелігіндегі жер көлемі – 49,7 мың гектар.

    Қазіргі таңда аталған жеке меншіктегі 252 субъектінің 247-сіне жер телімдері бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесіне сәйкес тиісті нұсқамалар берілсе, Талғар ауданына қарасты қалған 5 тұлғаның жерді қайта пайдалануға кіріскені анықталған. Сондай-ақ, облыс көлемінде жалға берілген жер телімдері жөніндегі барлығы 19 талап-арыз қанағаттандырылып, нәтижесінде, 19 тұлғаның жалпы көлемі 10 877 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

    Облыс көлемінде бүгінгі таңда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 63 субъектінің жалпы көлемі 45 264 гектар жері бары анықталған. Оның ішінде, егістіктік жер – 2611 гектар, шабындықтық жер – 14 гектар, жайылымдық жер – 42619 гектар, басқа мақсаттағы – 20 гектарды құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды (бұның ішінде – 34 субъектінің көлемі 24491 гектар жері өз еріктерімен қайтарылса, 1 субъектінің көлемі 1800 гектар жері жалдау шартының мерзімі өтіп кеткендіктен қайтарылды және 28 тұлғаның көлемі 18973 гектар жері сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алынса, осы 28-дің ішіндегі 19 тұлғаның көлемі 10877 гектар жері жалға алу келісімін біржақты бұзу арқылы қайтарылған). Бұдан бөлек, 2022 жылы департамент тарапынан жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 45 субъектіге жалпы аумағы 149,5 гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша тіркелген заңбұзушылықтарды жоюға бір жыл мерзімге орындалуы міндетті нұсқамалар берілген. Осыған байланысты биыл нұсқамалардың орындалуы жөніндегі бақылау жұмыстары маусым-шілде айлары аралығында жүргізілмек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145-1 бабына сәйкес, профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты заңбұзушылықтарды жою үшін 729 тұлғаның жалпы көлемі 219,1 мың гектар жеріне бір жыл ішінде орындалуға міндетті нұсқаулар жолданды. Бұл тұлғаларға да нұсқаудың орындалуы жөніндегі бақылау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

    Еске салайық, 2022 жылы мемлекет меншігіне 113,6 мың гектар (жайылымдық) пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылса, бұл қайтару жұмыстарының жоспары 113 процентті (ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің жоспары бойынша 100,0 мың гектар) құрайды, оның ішінде, өз еркімен қайтарылғаны – 58,8 мың гектар, мемлекет мұқтажы үшін – 41,5 мың гектар, соттың шешімімен – 13,3 мың гектар болып отыр.

    Бейбіт Төлегенұлы,
    Қонаев қаласы

    Tags: егістік жержайылымдық жержер мәселесі

    Ұсынымдар

    Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

    2 years ago
    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды

    8 months ago
    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    «Алатау жарық компаниясы» референдумды қолдайды

    9 months ago
    Туған жерден нәр алған

    Туған жерден нәр алған

    6 months ago
    Министр сапары: Кәсіпорындарға қолдау көрсетілмек

    Министр сапары: Кәсіпорындарға қолдау көрсетілмек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.