Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, заманауи технологияларды енгізу, өңірлерді дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту секілді маңызды мәселелер қамтылды.
Менің ойымша, еліміздің тұрақты дамуы үшін әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасау, сапалы білім алуға мүмкіндік беру, жастарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды. Әсіресе ауылдық аймақтардың дамуына, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Мемлекет басшысы айтқандай, цифрландыру мен жаңа технологияларды дамыту – уақыт талабы. Заманауи өзгерістер қоғамның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге ықпал етеді. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін әрқайсымыз білімімізді жетілдіріп, жаңашылдыққа ұмтылуымыз керек. Бұл тұрғыда адал еңбек маңызды рөл атқарады деп есептеймін.
Әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына үлес қосса, еліміздің болашағы да жарқын болмақ. Осы орайда Қонаев қаласының жұртшылығы да Жолдауда айтылған міндеттерді ауызбіршілікпен, жүзеге асыратынына кәміл сенімдімін. Өркениет өріне қадам басқан елімізде халықтың әл-ауқаты артып, әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрсын!
Ардақ ТАУПИХҚЫЗЫ,
Қонаев қалалық үздік тәжірибелер орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері

