-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Легионерлерге қаржы бөлінбейді

    19.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Саясат, Спорт
    Легионерлерге қаржы бөлінбейді

    Фото: ulysmedia.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Елімізде легионерлерге көрсетілетін «құрметтің» тым жоғары болуы сан мәрте халық қалаулыларының ренішін туғызған еді. Сондықтан Парламентте шетел мамандары мен легионерлерден бас тарту, барлық спорт түрлеріне жұмсалатын шығындарды аймақ бойынша тексеруді, әр спорт түріне бюджеттің бірыңғай нормаларын орнату мәселелері жиі көтеріліп жүрді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойып, шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейтінін нақтылады.

    Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған. Уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбесін әзірлейді, жоғарғы жетістіктер спорты түрлерінің тізімін және оларды бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды. Осыған сай басым спорт түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелерге қарай бекітіледі. Бұл – Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

    Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті спорт федерациялары болып бөлінеді. Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

    Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа: жоғары жетістіктер спортына, оның ішінде спорттың басым түрлеріне, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа, спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

    Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Соған сәйкес спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді. Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шара қабылдау өкілеттілігі беріледі.

    Парламент Сенатының депутаты Әсем Рахметованың айтуынша, енді әкімшілік-аумақтық деңгейдегі басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған ротация 5 жыл сайын жүргізіледі. Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тиісті әкімшілік-аумақтықта жүзеге асырылады. Егер облыстағы әкімшілік-аумақта бір ғана ұйым болса, онда басшыларды ротациялау жақын маңдағы аудандардың, облыс ішіндегі қалалардың басшыларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар бүгінде министрлік салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші топтамасын әзірлеп жатыр. Олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру тәртібі қарастырылады.

    Легионерлерге осы уақытқа дейін төлеген миллиондаған қаражатқа бүгінде қаншама ауылда спорт орталықтары салынып, жүздеген, мыңдаған балаларды спортқа тәрбиелеуге мүмкіндік туар еді. Ауылда өскен қазақ баласының спортқа бейім екендігін кәнігі мамандар да, қарапайым жұрт та айтудан жалыққан емес. Тек сол балаларды ары қарай шыңдап, кәсіби спортқа баулитын орталықтар мен мектептер қажет. Спорттың көсегесін көгертеді, арбамызды өрге сүйрейді деп үміт артқандардың дені қазақ халқының намысын, қарақан басының қамы үшін ат байлады. Енді олардың аяғы сап тыйылады. Тек өзіміздің қаракөздердің  әлем шыңдарын бағындыруға мүмкіндік жаратылмақ.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    1 year ago
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    1 year ago
    Мүмкіндік алаңы

    Мүмкіндік алаңы

    3 weeks ago
    Үздіктер үміті ақталды

    Үздіктер үміті ақталды

    11 months ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Ономастикаға қатысты ұсыныстар қолдау тапты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.