-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мүмкіндік алаңы

    03.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Мүмкіндік алаңы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде тұңғыш рет әйелдер арасында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Турнирге еліміздің төрт аймағынан тірек-қимыл аппараты зақымданған 40-тан астам спортшы қатысты. Салтанатты шарада мұндай жарыстар ерекше қажеттілігі бар адамдардың қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік беретін алаң екені айтылды.

    «Елімізде параволейболдың дамып келе жатқанына 30 жылға жуықтады. Әсіресе, соңғы 10 жылда ерекше қарқын алды. 2018 жылы Қазақстан параволейбол федерациясы құрылды. Қазіргі таңда республика бойынша 12 филиалы бар.  Былтыр ерлер құрамасы Паралимпиада ойындарына жолдама алып қана қоймай, Париж төрінде сәтті ойын көрсете білді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 78 команда арасында 5-орын алды. Ал әйелдер волейболы елімізде енді ғана өз жолын бастады. Тұңғыш рет өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогі паралимпиадалық спортты дамытуға серпін береді деп ойлаймын», – деді Қазақстан параволейбол федерациясының вице-президенті, параволейболдан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов.
    Волейболды отырып ойнау ережелері мүгедек жандардың мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған. Әр командада алты адам ойнайды. Мұнда тор қалыпты стандарттан төменірек орналасқан. Алаңның өлшемі – 10х6 метр.
    «Мен бала кезімнен волейболмен айналыстым. Кейін ауыр науқастан бір аяғымнан айырылғанда қатты күйзелдім. Бірақ сонда да сүйікті спортыммен қош айтысқым келмеді. Жеңіске деген жігер алға қарай жетеледі. Әрбір спортшының арманы – Олимпиада шыңын бағындыру. Сол мақсатқа жету жолында бар күш-жігерімді саламын», – дейді Алматы облысы атынан қатысқан Жазира Мұқашева.
    Жарыста әрбір спортшы әдемі ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Олардың ұмтылыстары көрерменді тәнті етті. Нәтижесінде Астана қаласының командасы І орын алды. ІІ орын Жетісу облысының өкілдеріне, ал ІІІ орын Алматы облысының командасына бұйырды.

    Өз тілшіміз
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ресми ақпарат адастырмайды

    Ресми ақпарат адастырмайды

    1 year ago
    Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілді

    Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес күшейтілді

    9 months ago
    Кітапхана филиалы ашылды

    Кітапхана филиалы ашылды

    4 months ago
    Әлеуеті зор өңір

    Әлеуеті зор өңір

    4 months ago
    Ұлан сарбазға айналды

    Ұлан сарбазға айналды

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.