-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлан сарбазға айналды

    05.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    Ұлан сарбазға айналды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Еліміздің шығыстағы шекаралық өңірлерінің бірі – Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылы бүгін ерекше қарбаласқа толы. Өйткені, мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен қара-ғұрым халық жиналған. ҰҚК Шекара Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өтетін Ант қабылдау рәсімін көру үшін.

    Белгіленген уақытта салтанатты сапқа тұрған 300-ге тарта сарбаз үшін маңызды сәт те келіп жеткен. Департамент бастығы полковник Ә.Каюповтың бұйрығымен, еліміздің аспан түстес Туы ортаға шығарылған соң Әнұран да қалықтап ала жөнелген. Осынау, әрбір жанның жұдырықтай жүрегінде мәңгі сақталып қалатын сәтті суретке түсіріп алған соң біз де қолымызды кеудемізге қоюға асыққанбыз… Әнұранды көппен бірге орындау үшін.

    … «Мен қатардағы жауынгер…» Ортаға шыққан әрбір сарбаздың айтар сөзі осылай басталады. Әрі қарай, Отанына адал қызмет етуге ант берген шекарашыны полковник Ә. Каюпов, Ұйғыр ауданының әкімі Б.Елеусізова мен шекарашы ардагерлер құттықтауға кіріскен. Өз кезегімізде, біз – департамент пен ауданы әкімінің баспасөз хатшылары да осынау маңызды сәтті де қалт жіберген жоқ едік.

    Ант қабылдау аяқталған соң енді жиынның негізгі бөлімі де басталды. Алдымен департамент бастығы «Сарбаз 2.0» бағдарламасына қатысып, өздері қалаған жоғары оқу орнында тегін оқуға грант ұтып алған «Көктем-2024» шақырылымының жеті сарбазына сертификат тапсырды. Осыдан кейін Әлібек Амангелдіұлы, Бота Серікқызы, шекарашы ардагерлердің атынан отставкадағы полковник Дәулетқали Мамырханов сарбаздарды ант қабылдауларымен құттықтап, олардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

    …Жылына екі мәрте, көктем және күз айларында өтіп тұратын мұндай рәсімдерді сахналық көріністерсіз елестету мүмкін емес. Өйткені, жас сарбаздар да, олардың алыстан асығып жеткен ата-аналары да шекарашылар атқаратын қызмет туралы білуге тиіс. Сондықтан, алаңға бірінші болып шыққан кинолог пен оның қызметтік иті жаттығуларды шебер орындаған соң кезек аттың құлағында ойнайтын атбегілерге де берілген. Тұяқтарымен жер тарпыған қызмет аттары тау мен тастың арасындағы шекара сызығын бақылауда таптырмайтын көлік екен­дігі ертеден-ақ белгілі. Ал шекара бұзушыны іздестіруде, есірткі заттарын анықтауда шекарашы сарбаздар қызметтік иісшіл иттердің көмегіне жүгінеді.

    Әрі қарай, шекара басқармасының маңызды тапсырмаларын орындаумен айналысатын сайыпқырандары да алаңды «дүрбелеңге» толтырып жіберген. Қоян-қолтық ұрыс, шекара бұзушыны ұстаудың әділ-тәсілдері – осылардың барлығы шекарашылардың жауынгерлік даярлықтары жоғары деңгейде екенін көрсетіп тұрған.

    Осы сәтті қызыға тамашалаған ат-аналардың бірін көзге тартқан едік. Сөйтсек, ол ұлты орыс болса да қазақшаға судай Қызылорда қаласының тұрғыны екен. Ұлы Темір Айтманның өміріндегі айтулы сәтке куә болу үшін келген Наталья Григорьева: «Бүгін мен ұлым үшін қатты қуанып тұрмын. Шекарашы атанып, Отанын қорғайтын азаматқа айналғанын көруден асқан бақыт бар ма? Әскерге де өзі сұранып кетті. Жақсы жерге түскенін көріп, қуандым. Не айтамын, құлыным берген антына адал болып, туған елін қорғасын», деп, аналық ақ тілегін жеткізді.

    Осылайша, шекарадағыдай «қас-қағым, қарбаласпен» өткен рәсімнің соңы сарбаздардың саптық әндеріне ұласқан. Бұдан кейін ата-аналар сарбаз ұлдарымен қауышып, өздерінің ыстық сағыныштарын басты…

    Тамара Дәулетбаева

    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    1 year ago
    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    7 months ago
    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    2 years ago
    Кеуде қолқасына жоғары технология көмегімен гибридті ота жасалды

    Кеуде қолқасына жоғары технология көмегімен гибридті ота жасалды

    2 years ago
    Цифрлық картаның тиімділігі

    Цифрлық картаның тиімділігі

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>