Перейти к содержимому
Главная страница » Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

Өңір оқушылары халықаралық байқаудан жүлде алды

2025 жылдың 09-11 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсы өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша Алматы облысының құрама командасы сапында Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы Ринатқызы Мадина (жетекшісі Гулина Оразәлі) 3-орын, Алатау қаласы №47 орта мектептің 11 сынып оқушысы Какишев Бекмахамбет (жетекшісі БотакөзТурлыбаева) 3-орын алса, Қарасай ауданы Долай жайлы мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрланқызы Лашын (жетекшісі Айгүл Кайчибекова) мақтау грамотасымен марапатталды.

«Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!