-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    18.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат, Экология
    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тендер өткізіліп, нәтижесінде 49 жыл мерзімге «Хабель» ЖШС компаниясына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында мәлім болды.
    – Жеке инвестиция көлемі 23,6 миллиард теңгені құрап, 150 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланып отыр. 5 жыл ішінде бөгетті нығайту, техникалық сараптама жүргізу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау және қалпына келтіру шаралары жасалады, – дейді Алматы облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Анар Ақшолақова.
    Сонымен қатар, жоба нысанның инженерлік сенімділігін арттырумен қатар, туристік ағынды ұлғайтуға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер береді. Яғни, телекоммуникациялық мұнаралар орнату, қоғамдық тамақтану пункттерін ашу және модульдік тұрғын үйлер салу жоспарланған.
    Жоба аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды «Есік көлі» аумағында табиғатпен үйлескен заманауи экотуристік орта қалыптастыру – негізгі мақсаттың бірі. Бұл ретте, экологиялық туризм, мәдени-танымдық іс-шаралар, заманауи инфрақұрылым, бір-бірімен үйлестіріледі”, — деді Әділжан Хабиев.
    Оның айтуынша, 1998 жылдан бері «Есік көлі» тазартылмаған. Экологиялық тазарту және селден қорғау инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 11,4 млрд теңге бағытталады.
    Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
    Аталған жоба нысанның инженерлік сенімділігін күшейтіп қана қоймай, аймаққа туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым Есік көлінің тартымдылығын арттырып, өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

    Ұсынымдар

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    Ермахан Ыбрайымов: «Мен АЭС-ті қолдаймын!»

    8 months ago
    Мерекедегі мерейлі сәт

    Мерекедегі мерейлі сәт

    10 months ago
    Әр азаматқа тең мүмкіндіктер беретін ел құрамыз – Президент

    Қонаевта аз қамтылған жанұяларға 74 млн. теңге АӘК төленді

    5 months ago
    Үздіктер марапатталды

    Үздіктер марапатталды

    6 months ago
    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    Президент референдум туралы мәлімдеме жасады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.