-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа зауыт – жаңа мүмкіндік

    14.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Жаңа зауыт – жаңа мүмкіндік
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

        Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Carlsberg Group» компаниясының топ-менеджерлерімен кездесті. Басқосу барысында тараптар екіжақты әріптестікті нығайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және өңір экономикасын дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Онда елімізде халықаралық деңгейдегі ірі инвестициялық жобаның жүзеге асатыны айтылып, әлемдегі жетекші сусын өндірушілердің бірі – Carlsberg Group компаниясы еліміздегі өндіріс ауқымын екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отырғаны жеткізілді.

    Серіктестікке бағытталған жиында Carlsberg Group компаниясының  Іле ауданында жаңа зауыт салу мәселесі кеңінен талқыланды. Компанияның ауқымды жоспары жүзеге асып, Іле өңірінде жаңа зауыт бой көтерсе бес мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, өңір экономикасының өрлеуіне серпін бермек. Осы орайда алғашқы болып сөз алған Carlsberg Group-тың Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Үндістан және Канада бойынша вице-президенті Никос Калаицидакис бұл сапардың маңыздылығын атап өтті.

    – Бұл менің жаңа қызметке келгеннен бергі алғашқы іссапарым. Қазақстанды таңдауымыз – елдің стратегиялық маңызын көрсетеді. Біз Орталық Азия нарығында жетекші ойыншы болуды көздеп отырмыз, – деп қазіргі уақытта Carlsberg Kazakhstan кәсіпорны жылына 400 миллион литрге жуық сусын шығаратынын алға тартып, жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін, яғни 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 миллион литрге дейін жететінін тілге тиек етті.

    Сонымен қатар өндіріс Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріне өнім жеткізуге мүмкіндік беретінін сөзіне қосып, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретінін ашып айтты. Зауыттың іске қосылуы нәтижесінде тікелей өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер саны 500-ден 1000 адамға дейін артса, сабақтас салалармен есептегенде жұмыспен қамтылғандар саны 5 мың адамға дейін жетпек. Айта кетсек Carlsberg Group нөлден бастап салынатын жаңа зауыт үшін инвестиция құймақ. Мұнда тек Carlsberg брендтері ғана емес, басқа да халықаралық компаниялармен лицензиялық келісімдер аясында түрлі өнімдер шығарылмақ.

    Вице-президенті Никос Калаицидакис жаңа кәсіпорынның тәжірибелік іске қосылуы 2026 жылдың жазына жоспарланғанын айтып, инвесторлар үшін рұқсат құжаттарының дер кезінде берілуі маңызды фактор екенін атап, Қазақстан билігінің қолдауына сенім білдірді. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев шетелдік инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін айтып, өндіріс көлемінің ұлғаюы екітарап үшін де тиімді болатынына тоқталды. Ол өз сөзінде:

    – Біз үшін шетелдік инвесторлар тарту, әсіресе Carlsberg Group сияқты жаһандық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу аса маңызды. Сол себепті жер телімдері, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен құжат айналымы мәселелерін жеделдетуге бар күшімізді саламыз –– деп аталмыш жобаның маңызына тоқталды. Бұл инвестициялық жоба облыс экономикасына елеулі үлес қосатынын айтып, халықты жұмыспен қамтудың артуы мен жергілікті кәсіпкерліктің дамуына жол ашылатынын жеткізді. Сондықтан да жаңа зауыттың бой көтеруі үшін әкімшілік кедергілерді барынша қысқартып, жобаның жүзеге асуын жеделдетуге барынша атсалысатынын айтты.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    Тасқын туралы бірер сөз

    1 year ago
    Цифрлық көшірме жобасы қауіпсідікті күшейтпек

    Цифрлық жүйе жетілдіріледі

    11 months ago
    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    Баққожа Мұқайдың алғашқы пьесасы Нарынқолда қойылған

    2 years ago
    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    8 months ago
    Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

    Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>