-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    1 мамырдан бастап жедел медициналық көмекті көрсету ережелерінің жаңа нұсқасы күшіне енді

    05.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    1 мамырдан бастап жедел медициналық көмекті көрсету ережелерінің жаңа нұсқасы күшіне енді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес, бекітіліп отыр. Бұл өзгерістер шұғыл көмектің тиімділігін арттыруға, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (АМСК) рөлін күшейтуге және ауылдық пен шалғай өңірлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

    Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы жаңа ереже жедел жәрдемнің жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

    – «Мобильді бригадаларды енгізу — жай ғана жаңалық емес, бұл қоғамға берілетін белгі: медициналық көмек халыққа жақындай түсуде. Бұл ірі қалалар үшін де, әсіресе ауылдық аймақтар үшін маңызды. Біз жедел жәрдемнің шамадан тыс жүктемесін азайтып, АМСК-ның басты рөлін қайтара бастадық», — деді спикер.

    Негізгі өзгерістерге келер болсақ:

    АМСК-ның мобильді бригадалары.

    – Төртінші санаттағы (аса шұғыл емес) шақыртулар енді жұмыс уақытында (08:00–20:00) үйге барып қызмет көрсететін АМСК мамандарымен қамтылады;

    – Ауылдық жерлерде бұл қызметті лицензиясы бар мердігерлер арқылы аутсорсинг негізінде ұйымдастыруға болады;

    Келу нормативтері.

    – Жедел жәрдемнің келу уақыты нақты регламенттелген: 1-санат үшін – 10 минутқа дейін, 4-санат үшін – 60 минутқа дейін. АМСК мобильді бригадалары да бір сағат ішінде келуі тиіс;

    Өкілеттілікті бөлу.

    – Жұмыс уақытынан тыс кезде 4-санаттағы шақыртулар жедел жәрдем қызметіне беріледі. Науқасты ауруханаға жеткізу туралы шешімді ССМК фельдшері не дәрігері қабылдайды;

    Қауіпсіздік пен есепке алу шаралары.

    – Барлық бригадалар бейнетіркегіштер мен рациялармен жабдықталады, дәрілік заттар автоматтандырылған жүйелер арқылы есепке алынады;

    Санитарлық автокөлік резерві.

    – Автопарктің кемінде 10%-ы резервке бөлінеді. Машиналар A, B және C санаттары бойынша жіктеледі;

    Диспетчерлік және Call-орталықтардың жұмысы.

    – Денсаулық сақтау ұйымдары мен ішкі істер органдарымен үйлестіру күшейтіледі. Егер жедел жәрдем бара алмаса, шақырту АМСК-ға беріледі;

    Медициналық авиация.

    – Тек келісімшарттар негізінде пайдаланылады, қону алаңын дайындау міндетті;

    Жаңа ережелер күшіне енгенен кейін, әрекет ету уақытының қысқарып, өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігінің артуына ықпал етеді.

    Бригадалар жұмысының қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық бақылау күшейтіледі.

    Ұсынымдар

    “Театрдың мақсаты – ұлы қағидаларға тәрбиелеу”

    “Театрдың мақсаты – ұлы қағидаларға тәрбиелеу”

    2 years ago
    Сахна сәні – әжелер

    Сахна сәні – әжелер

    4 months ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    12 months ago
    Маңызды шешім қабылданды

    Маңызды шешім қабылданды

    2 months ago
    Кітапхана құлайын деп тұр

    Кітапхана құлайын деп тұр

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.