-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Әдебиет әлеміне саяхат

    26.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Әдебиет әлеміне саяхат
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында көрнекті жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты Нұрдәулет Ақыштың 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Көл қорыған бала» атты облыстық эссе байқауының марапаттау кеші өтті.

    Шараның мақсаты жазушы Нұрдәулет Ақыштың шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, жазу өнеріне деген қабілетін шыңдау.

    Байқауға жиналған әдебиетсүйер қауым, мұғалімдер, оқырмандар мен оқушылар қаламгерді ерекше ықыласпен қарсы алды. Қонақтар арасында бірқатар зиялы қауым өкілдері болды. Көпшілікке қарата сөз сөйлеген облыстық орталық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гуля Әбдікерова:

    – Ұлттық рух пен әдебиетіміздің мәйегін насихаттауға өмірін арнаған тұлғаның шығармашылығына арналған бұл байқау жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ой еркіндігін шыңдауға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Нұрдәулет Ақыштың қаламынан туған әрбір шығарма тек көркем дүние емес, ол – терең тағылым, елдік сана, адамгершілік пен парасат мектебі. Бүгінгі шараға қатысушы жас ұрпақ сол асыл мұрадан нәр алып, ертеңгі рухани көштің тізгінін ұстайды деп сенеміз. Өйткені бұл тек жазушыны ұлағаттап, насихаттауды ғана мақсат тұтатын емес, оқушылардың ойлау қабілеті мен шешендігін, шығармашылығын дамытуға арналған байқау, – деді.

    Шарада жазушы Әбділдабек Салықбай, «Ақиқат» журналының бас редакторы  Дәуіржан Төлебаев сөз алып, Нұрдәулет Ақыш прозасындағы ұлттық тәрбие мен құндылықтар тақырыбында  ой өрбітті.

    Әуезді үнімен көрерменді баураған кітапхана қызметкері Қауашақ Ырысқазы әдеби кештің ажарын келтіріп, әдемі ән орындап берді.

    Жалпы облыстық эссе байқауына 27 үміткерден шығарма келіп түскен, оның 20-сы іріктеліп алынып, төртеуі үздік деп танылды. Әділ төрелікті ту еткен, сөз өнерін қадір тұтқан қазылар алқасының құрамында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Айзат Рақыш, ақын, сыншы Ерғанат Қуатбек, «Ұлан» газетінің тілшісі Дильназ Шаймұратова, №100 жалпы білім беретін мектебінің директоры Қарлығаш Қалынбаева болды. Қазылар алқасы қатысушылардың әдеби сауаттылығына, шығармашылық ойлау қабілетіне, мазмұн тереңдігі мен тіл көркемдігіне баса назар аудара келе, байқау жеңімпаздарын анықтады. Нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылынан қатысқан Бегімсұлу Көшкінбайға І орын бұйырды. Райымбек ауданы Тегістік ауылынан бақ сынаған Аяжан Тұрапбай ІІ орынды жеңіп алса, Кеген ауданы Саты ауылының оқушысы Кәусар Сауытбек ІІІ орынды  иеленді. Ынталандыру сыйлығы Кеген ауданы Тасашы ауылының 9-сынып оқушысы Дәулетжан Бахарбекке табысталды. Жүлделі орын иегерлері арнайы диплом және демеушілердің ақшалай сыйлығымен марапатталды. Айта кету керек, қатысушылар жазушы Нұрдәулет Ақыштың табиғатты қорғау тақырыбына арналған «Көл қорыған бала» әңгімесін өз қиялдарымен жалғастырып, ойларын эссе жанры аясында өрбіткен болатын.

    – Байқауды ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғыс айтамын. Эссе байқауына қатысып отырған, жазуға, руханиятқа талап қылған шәкірттердің қанаты талмасын! – деп жазушы Нұрдәулет Ақыш ақ жарма тілегін білдірді.

    Осылайша, қаламгердің шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты көркем әдебиетті сүюге баулу мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауы жас талапкерлердің шығармашылық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік сыйлады.

    Облыстық орталық әмбебап кітапханасының ұжымы жазушы Нұрдәулет Ақышқа шынайы алғыс білдіре отырып, «алдағы уақытта да әдебиетке қосар үлесіңіз арта берсін» деген тілектерін білдірді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Алматы қаласы

    Ұсынымдар

    “Алатау арайының” кезекті саны

    1 year ago
    Референдум күнгі ансамбльдердің өнері елді тәнті етті

    Референдум күнгі ансамбльдердің өнері елді тәнті етті

    8 months ago
    Шуаққа толы күндер

    Шуаққа толы күндер

    6 months ago
    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    1 year ago
    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.