-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аламанда алға озғандар

    11.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Спорт
    Аламанда алға озғандар
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Қонаев қалалық Мә­дениет үйінде облыстық дене шынық­тыру және спорт бас­қармасы­ның ұйым­дас­тыруымен «Жыл үздігі – 2024» атты салтанатты жиын өтті. Аталған шарада ұлттық спорттың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген атбегілер, шабандоздар мен сала ардагерлері марапатталды.

    Марапаттау рәсіміне облыс әкі­мі Марат Сұлтанғазиев қатысып, өңірімізде ұлттық спорттың өркен­деп, атбегілердің біліктілігі артып, шабандоздардың сан аламанда алға озғандығын тілге тиек етті.
    – Алматы облысы еліміздегі ат спортының алтын ұясы болып саналады. Біздің өлкемізде бәйгенің дамуына ерекше көңіл бөлініп, айрықша қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері облыста дүбірлі жарыс­тар өтті. Атап айтсақ, Кеген ауданында «Қымызмұрындық – 2024» фестивалі аясында «Жолан жүйрігі», сондай-ақ Райымбек ауданында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған респуб­ликалық бәйге, 25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл ауданында 100 шақырымдық марафон бәйге сынды ауқымды шаралар ұйымдас­тырылды. V Дүниежүзілік көшпен­ділер ойындарында ҚР Ұлттық құрама сапында бәйге жарысына облысымыздан 9 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Бұл – біз үшін үлкен жетістік.
    «Арғымақ» бәйге федерациясы Алматы облысындағы асыл тұқымды жылқылардың сапасын арттырып, ат спортының дамуына үлкен үлес қосуда. Атбегілік – терең білімді, шек­сіз төзімділік пен шынайы қызығу­шылықты талап ететін қасиетті өнер. Сіздер жылқыларға қамқор болып қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес дәстүрді сақтап, аманат етіп келесіздер, – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ облыс басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңім­паздары – Аңсар Арыстанбек пен Сержан Бактыбайға Алғыс хат және 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Өз кезегінде Сапарғали Сәтбаев, Ыбырайақын Омаров, Сәбит Жанқойлықов, Орынтай Әмірғалиев сынды ат спортына елеулі еңбек сіңірген азаматтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы берілді.
    Мұнан кейін де марапаттаулар өз жалғасын тапты. Республикалық Бәйге федерациясының вице-президенті Алмас Сапаев бастаған бірқатар ат спорты мамандарына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабековтің Алғыс хаты табыс етілді. Жүйріктер бабын білетін бапкерлер мен желмен жарысқан жеткіншек шабандоздар да облыс­тық Бәйге федерациясының Алғыс хаттарына ие болды. Айтулы жарыс­тарға демеушілік көрсетіп, атқарылған жұмыстарды насихат­тауға атсалысып жүрген Ринат Толғанов, Ерғали Жетпісов, Тастан Жанысбаевтар «Ұлттық спорт жанашыры» төсбелгісімен марапат­талды. Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
    «Жүйрік аттың тағдыры – қаһарман батырдың тағдыры, батырдың тағдыры – халықтың тағдыры» деп те айтады Алаш баласы. Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Қуанышын жасыра алмаған жас шабандоздардың бойынан соны аңғардық. Олардың арасынан Алашқа аты мәшһүр «Айқабақ» атты тұлпардың шабандозы Аңсар Арыстанбекті сөзге тарттық. «Атқа 8 жасымда әкем отырғызды. 9 жасым­нан бастап жарыстарға шығып жүрмін. Үйде үш ұлдың үлкенімін. Кейінгі бір інім де атқа шабады. Болашақта әлемге әйгілі шабандоз болуды армандаймын», – дейді жас шабандоз.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Шамалғанда ел намысын әлемдік додада қорғайтын мергендер анықталды

    Шамалғанда ел намысын әлемдік додада қорғайтын мергендер анықталды

    2 years ago
    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    2 years ago
    Ұлт атауын қайтарған

    Ұлт атауын қайтарған

    4 months ago
    Ағаштан түйін түйген

    Ағаштан түйін түйген

    11 months ago
    Елді дамытуға энергия қажет

    Елді дамытуға энергия қажет

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.