-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті

    22.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығы аясында Талғар ауданындағы «Арлан» пейнтбол клубында «JENIMPAZ BOL» атты жарыс өтті. Шара жастар арасында патриоттық рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді.

    Турнирге облыстың құқық қорғау органдары, жас депутаттар, жұмысшы маман иелері, белсенді жастар ұйымдары, волонтерлер қатысты. Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ стратегиялық ойлау, бір-бірін қолдау, өзара түсіністік және командалық рух секілді маңызды қасиеттерін көрсете білді.

    «Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды. Әр команда өздерінің батылдығын, ептілігін және жеңіске деген жігерін көрсете отырып, турнир көрермендеріне ерекше әсер сыйлады», – дейді шара ұйымдастырушысы Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Шыңғыс Мұқашев.

    Шара соңында үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болып,арнайы дипломдармен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай ақ олардың спортқа деген ынтасы мен белсенділігі атап өтілді. Пейнтбол ойыны қорытындысына сәйкес, жүлделі І орын Алматы облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс – қимыл басқармасы қызметкерлерінен құрылған командаға бұйырды. Келесі орындардан «Талхиз» жұмысшы мамандықтар, «TALGAR CITY» волонтерлер командаларына бұйырды.

    «JENIMPAZ BOL» турнирі – бұл тек ойын ғана емес, бұл жастарды отансүйгіштікке, бірлікке, жігер мен қайсарлыққа тәрбиелейтін маңызды жоба. Осындай іс-шаралар болашақта да жиі өткізіліп, жастарды салауатты әрі саналы өмір салтына бағыттай беретіні сөзсіз, – дейді ойынды өткізген мамандар.

    Әмина Құдайберген

    Алматы облысы жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы

    Ұсынымдар

    Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

    Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы: Жауапкершілік жүгі жеңіл болмайды

    4 months ago
    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    Кәсіпкер құқығы қорғалады

    1 year ago
    6 тонна гуманитарлық көмек жиналды

    6 тонна гуманитарлық көмек жиналды

    1 year ago
    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    Көрнекі ақпарат көңілден шыға ма?

    2 weeks ago
    Алматы облысында бірнеше елдімекеннің атауы өзгереді

    Жер тарихы – ел тарихы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.