-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар

    08.05.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар
    0
    SHARES
    1
    VIEWS
    Алматы облысы Өңірлік коммункикациялар қызметі алаңында 2025 жылғы қаржыландыру мен жаңашылдықтар тақырып аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы ота бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер хирург Айдос  Қизатов  қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.
    2025 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау саласына 135,7 млрд теңге көлемінде бюджет бөлінді. Оның ішінде 59,2 млрд теңге – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында, ал 76,5 млрд теңге – Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қарастырылған. Бюджет құрылымы өңірдегі медициналық инфрақұрылымды дамыту мен тұрғындардың денсаулығын қорғауға негізделген.
    2024 жылы Алматы облысында 957 968 тұрғын алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында консультативтік-диагностикалық қызметтерді алған. Бұл қызметтерге 28,2 млрд теңге жұмсалды. Стационарлық көмекке – 34 млрд теңге, күндізгі стационарларға – 900 млн теңге бөлінді. МӘМС аясында ай сайын бірнеше миллион теңгеге дейін жететін жоғары технологиялы операциялар жүргізілуде, жалпы бұл қызметтерге 1,5 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар, медициналық оңалту қызметтеріне сұраныс артып, 2,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге 13,3 млрд теңге қарастырылып, 3,7 млрд теңгеге рецепттер берілді, – деді Тілеухан Әбілдаев.
    2025 жылғы 1 мамырдан бастап жедел медициналық көмек көрсету ережелерінің жаңа редакциясы күшіне енді. Өзгерістер ҚР Денсаулық сақтау министрінің 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес енгізілді.
    Негізгі мақсат – медициналық көмектің жеделдігін, қауіпсіздігін және шалғай өңірлерде қолжетімділігін арттыру. Жаңа талаптарға сәйкес, 4-санаттағы шақыртуларды жұмыс уақытында АМСК мамандары орындайды, мобильді бригадалар бейнетіркегіштермен жабдықталады, ал келу уақыты нақты уақытпен шектелді: 1-санат бойынша – 10 минутқа дейін, – деп мәлімдеді Ержан Сүлейменов.
    2024 жылы  еліміздің 20 өңірі бойынша 772 медициналық ұйым рейтингтік бағалауға қатысқан. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы – Салидат Қайырбекова атындағы  Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы жүргізілген рейтинг нәтижесінде  өткен жылы ересектерге медициналық қызмет көрсету деңгейі бойынша 84 озық көпбейінді стационардың ішінде үздік үштікке енді.
    2024 жылы Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасында 10 000-ға жуық науқас жоспарлы және шұғыл түрде, тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алды.
    Аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Науқастарға диагностика жасау барысында МРТ, КТ, УДЗ, стационарлық рентген-аппарат, маммография сияқты озық медициналық технологиялар қолданылады. Науқастарға ем-дом сырқат дәрежесіне сай жүргізіледі. Заманауи әдістердің арқасында науқастар отадан кейін аз уақыт ішінде қалыпты жағдайға келеді, – дейді Айдос Қизатов.
    Аталмыш медициналық ұйымда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша бастапқы гипертензия, жүрек гипертензиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, бел және омыртқаның басқа бөліктеріндегі диск зақымдануы радикулопатиямен, инсулинге тәуелсіз қант диабеті сияқты диагнозы бар науқастарға және  травматология ортопедия, гинекология, жалпы хирургия бойынша түрлі дәрежедегі оталар жасалады.

    Ұсынымдар

    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    9 months ago
    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    7 months ago
    «Әкем, анам мен – шынығамыз спортпен»

    «Әкем, анам мен – шынығамыз спортпен»

    4 months ago
    Үнді елінде – Алатау әуендері

    Үнді елінде – Алатау әуендері

    1 year ago
    Шелек шырайланып келеді

    Шелек шырайланып келеді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>