-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Антына адал жас сарбаз

    06.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    Антына адал жас сарбаз
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Ел Президенті әрі Қарулы Күштердің  Бас қолбасшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. «Жас сарбаз» қозғалысы аясында 400 «Смарт сарбаз» үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады. Бауыржан Момышұлы: «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген. Біз батырларымыздың ерлігін үнемі дәріптеп отыруымыз қажет. Осыған орай, әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек. Сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысын дамытып, оны ұлттық деңгейге көтерген жөн», – деген болатын.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде әскери қызметке және міндетті борышын өтеуге шақырылатын жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. Облыс көлемінде 44  «Жас Сарбаз», 8 «Жас Шекарашы»  сыныптары мен 378 әскери-патриоттық клубтарында 20 мыңға жуық оқушы тәрбиеленуде.

    Өскелең  ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру ісі  Қонаев қаласында да  жолға қойылған. Облыс орталығындағы тұңғыш «Жас сарбаз» сыныбы  2019 жылы  Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінде ашылды. Бүгінде қала мектептеріндегі «Жас сарбаз» сыныптарында еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, Отанды қорғауға, оның ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант берген тәрбиеленушілері тәлім алуда.

    «Жас сарбаз» сыныбында тәрбиеленушілер мектеп бағдарламасынан тыс  саптық, атыс және тактикалық дайындық жүргізеді. Қару-жарақты бөлшектеп, қайта жинауды,  қоян-қолтық ұрыс түрлерін үйренеді.  Аптасына бір мәрте әр сыныпта әскери бөлімдерден келген өкілдер теориялық сабақ өткізеді. Қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөліммен бірлесіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қалалық Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қимылдарға қатысушы ардагерлер ұйымының,  Ауған соғысы ардагерлер одағының, Варшава келісімі, Германия-Кеңес әскери тобы мен Моңғол Халық Республикасы біріккен ардагерлер тобының мүшелері, әскери бөлімдердің қызметкерлері «Жас сарбаз» сыныптарына әрдайым қолдау көрсетеді.

    Жас сарбаздар әскери бөлімдердегі ашық есік күніне барып, заманауи әскери техникалармен, қару-жарақпен танысады. Десантты шабуылдаушы және миналаушы сарбаздардың жаттығуларын тамашалайды. Сондай-ақ «Үздік командир», «Сардар», «Қауіпсіз дөңгелек» және  «Жас Ұлан»  «Әскердің бір күні», «Әскер бала көзімен», «Атам, әкем, ағам және мен» және тағы басқа түрлі деңгейдегі іс-шаралар мен әскери-патриоттық жарыстарға  қатысады.

    Қонаев қаласының «Жас Сарбаз» құрама қомандасы әскери-спорттық сайыстарда  жүлделі орындардан көрініп жүр. Соның бірқатарына тоқтала кетсек, облыстық «Айбын – 2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында  командалық есепте 1 орынды жеңіп алды. Облыстық «Үздік командир –  2024» байқауында Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Жеңістің 80 жылдығына орай өткен облыстық «Қайсар-2025» әскери-патриоттық жиында жүлделі 3-орынды олжалады. Сонымен бірге Варшава келісімі бойынша қызмет атқарған Кеңес әскерлерінің батыс және шығыс елдерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай облыстық әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткен әскери-спорттық ойындарында командалық есепте 2-орынды еншіледі.

    Жас ұрпақты патриот етіп тәрбиелеу  –  қай халықтың да тәрбие жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Ұрпағымен мың жасайтынын жақсы білген дана халқымыз да  перзентін ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеген. Патриоттық тәрбиеге баса мән берген текті халықтың бүгінгі ұрпақтары да «Жас сарбаз» сыныбында əскери-патриоттық тәрбиемен сусындауда.  Мұндай игі істің Қонаев қаласының жасөспірімдері үшін ғана емес, мемлекеттің жарқын  болашағы үшін маңызы зор.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    2 years ago
    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    Суды тиімді пайдалану – уақыт талабы

    10 months ago
    Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

    Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    Жүзден жүйрік шықты

    Жүзден жүйрік шықты

    4 weeks ago
    WhatsApp желісіндегі алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    WhatsApp желісіндегі алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>