-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асыл ана

    17.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Асыл ана
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында орналасқан «Анаға құрмет» музейінде болмысы бөлек басқосу болып өтті. Атап айтқанда, дүниеге 11 бала әкеліп, өнегелі ұрпақ өсірген «Алтын алқа» және «Ұлы дала Ел анасы» ордендерінің иегері Сонымбүбі Ғайнанованың туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты шара жұртшылықтың көзайымына айналды.

        Бір қолымен ұрпағын аялап, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың адамзат дамуы мен перзент жүрегіндегі алар орны ерекше екені белгілі. Болашақ ұрпақ алдында аналардың мәртебесін арттырып,  еліміздегі отбасы институтының  маңыздылығын насихаттауға арналған аталмыш шараны  өткізуге тәуелсіз мемлекетіміздің  Ұлттық қауіпсіздік комитетінде  мінсіз қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Аймақтық терроризмге қарсы орталығы кеңесінің құрметті өкілі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректорлар кеңесінің құрметті мүшесі,  «Даңқ» ордендерінің толық иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов ерекше үлес қосқанын айта кету керек.

    Алқалы жиынның қаншалықты салтанатты әрі маңызды болғанын мерекелік шараға келген қонақтардың тізіміне қарап аңғаруға болатындай. Атап айтқанда, ежелден қуаныш-қайғыны бірге бөлісіп жүрген іргелес әрі бауырлас қырғыз бен өзбек ағайындармен қатар бұл мерекеге Қытай Халық Республикасының, Түркия мен Венгрияның елшілігінен де қонақтар арнайы атбасын бұрған екен.

    «Анаға құрмет» музейіндегі мерейтой алтын құрсақты ана Сонымбүбі Құданалықызы жайлы әзірленген бейнебаянмен басталды. Алғашқы болып сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев адамзат көшіндегі ананың алар орны жайлы сөз қозғай отырып, бүгінгі мерейтой кейіпкерінің өмірі мен қызметі жайлы кеңінен тоқталып өтті. Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Медетбек Букуев, Алматы қалалық музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразова,  қоғам қайраткері, ғалым әрі тіл жанашыры Асылы Османдар сахнаға көтеріліп Сонымбүбі Құданалықызы туралы естеліктер айтты.

    Салтанатты шараның маңызды сәті «Анаға құрмет» музейінде Сонымбүбі Ғайнановаға арналған  бұрыштың ашылуы болды десек, қателесе қоймаспыз.  Алдын-ала әзірленген  көрмені ашу мәртебесі Халық қаһарманы, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаевқа, Қырғыз Республикасының  Еңбек Ері, «Дордой»  акционерлік қоғамының президенті Асқар Салымбековке, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, КСРО мен ҚР білім саласының  Құрметті қызметкері Орынша Қарабалина-Қазыбаеваға,  Сәтбаев университетінің құрметті ректоры Баян Рақышевқа, Нейрохирургия орталығының президенті, академик Серік Ақшолақовқа жүктелді. Музей директоры Гүлнәр Әбіш көрменің мазмұнымен таныстырып, еліміздегі бірегей мәдени орталықтың қызметі жайлы баяндады.

    Бұл күні мұнда тағы бір елеулі шара өткізілді. Атап айтқанда, Сонымбүбі Құданалықызының келіні, Әділ Шаяхметовтың зайыбы Айсұлу  Әлібекқызының енесіне арнап жазған  «Бойтұмарым – Ана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл рәсімге қатысқандардың қатарында  Сәтбаев универсиететі ардагерлер кеңесінің төрағасы  Ұлықпан Сыдықов, ҚР білім саласының озық қызметкері  Гүлжаһан Жексембина,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  профессоры Жолмұхан Түрікпенұлы, еңбек ардагерлері  Нұржахан Жамболов, Бибі Молдахметова сынды танымал тұлғалар да бар. Аталған шарада жұртына тіреу болған айтулы азамат  Нұржахан Жамболов сөз алып, жаңа туындының ұрпақ тәрбиесі мен ана мен әйелді құрметтеу дәстүрін жаңғыртуға үлес қосатынына сенім білдірді.

    Соңынан жиылған жұртшылыққа елімізге танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен тамаша концерттік бағдарлама ұсынылды. Дәстүр бойынша шараға келген қонақтар дастарқан басына жиылып, анаға бағышталып оқылған құранға алақандарын жайды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    AMANAT: Қарасай ауданындағы мектеп кестеге сай салынып жатыр

    2 years ago
    Ізгілікке үндейді

    Ізгілікке үндейді

    2 months ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    «Алматы облысы өнеркәсіп, сауда және экспортта рекордтық өсім көрсетті»

    6 months ago
    Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

    Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

    2 weeks ago

    Жеті өнерді бойға жинаған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.