-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Береке бастауы бірлікте

    02.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Береке бастауы бірлікте
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауылының орталық алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған ауқымды шара өтті. 

    Салтанатты жиынға аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Көпжасар Нұрлыбай, мәслихат депутаты Біләл Мәсімбаев, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлназ Толонқызы, Кеген ауылдық аналар кеңесінің төрағасы Ғалия Сатаева және аудан тұрғындары қатысты.

    Сондай-ақ, бұл күні қолжетімді бағада ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Бірлік мейрамының басты мақсаты еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

    Әуелгіде салтанатты жиын ашық деп жарияланып, еліміздің Әнұраны ойналды.

    Бірлігі берекелі, татулығы тұғырлы болған мерейлі мерекеде аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген халқына жылы лебізін білдірді.

    – Расында, татулықсыз, бірлік-берекесіз еткен еңбектің жемісі бекер болмақ. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесі биік болсын! Достық пен татулық, ынтымақ пен татулық мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деген аудан басшысы сөзін қорытындылай келе, аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Демежанқызы мен аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Көпжасар Нұрлыбайды «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа Алғыс хаттарды табыс етті.

    Құттықтау сөз кезегін алған аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Көпжасар Нұрлыбай бастаған қонақтар жиналған көпшілікке еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілеп, ізгі ниеттерін жеткізсе, Сабыр Досымбеков ақ батасын берді.

    Кеңес Нұрпейісов атындағы мектеп-лицейі мен Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің оқушылары және аудандық көркемөнерпаздар ұжымы ән айтып, би билеп, халықтың көңіл-күйін көтеруде аянып қалмады.

    Осылайша, бірлік пен татулық, тыныштық пен бейбітшілік күнінде дүйім жұрт әр ұлттың әні мен биіне, өнеріне қанық болып, концерттік бағдарламаның куәгері болды.

    Жалпыхалықтық мерекеге жиналған жұртшылық достық пен ынтымақ, бірлік құшағындағы тәуелсіз Қазақстан халқының іргесі сөгілмесін деген тілекте тарқасты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталды

    2 years ago
    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    1 year ago
    ЖСДП кандидаты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

    ЖСДП кандидаты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

    2 years ago
    Баспана – бақыт шамы

    Баспана – бақыт шамы

    4 months ago
    Рамазан айының талабы түсіндірілді

    Рамазан айының талабы түсіндірілді

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>