-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бір мақсат, бір мүдде

    02.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Бір мақсат, бір мүдде
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – тәуелсіз елдің тірегі. Байтақ қазақ жерінде бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан сан түрлі этнос өкілдерінің жүрегі бір, тілегі ортақ. Осынау бірлік пен ынтымақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Еңбекшіқазақ ауданында өткен мерекелік іс-шарада жүректерге жылу сыйлады.

    Жамбыл атындағы жастар саябағына жиналған аудандағы славян, ұйғыр, күрд, түрік, шешен-ингуш және грек этномәдени орталықтары шатыр тігіп, салт-дәстүрлері мен мәдениетінен, қолөнерінен сыр шертер көрмені көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық киімдерін киіп, іс-шара қонақтарына ән-жырдан шашу шашып, тіл үйірер ұлттық тағамдары мен сусындарынан дәм татқызды.

    2025 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп атағаны баршаға белгілі. Ел экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосып отырған жұмысшы мамандықтар дайындайтын аудандағы Есік кәсіптік-техикалық колледжі, Жетісу гуманитарлық техникалық колледжі, Есік медициналық колледжі, Қаракемер кәсіптік колледжі мен Шелек политехникалық колледжінің де көрмесі көпке ұсынылды. Педагогтер мен студенттер іс-шара қонақтарына оқу орындарын, онда оқытылатын мамандықтарды таныстырып, жетістіктерімен бөлісті.

    Мерекелік концерт басталмас бұрын Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай саябаққа ағаш көшеттерін отырғызып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

    Аудан халқы мен қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған аудан әкімі Талғат Байеділов: «Биыл – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры, мемлекетіміздің басты құндылығы екенін ескерсек, Қазақстан халқы ас­самблеясы осы идеологияны нық сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Осынау ел үшін маңызды да күрделі істе бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тығыз жұмыс істеп жатқан этномәдени орталықтар, ақсақалдар мен аналар алқаларына зор алғысымды білдіргім келеді!», – деді.

    Ел татулығы мен бірлігін биік қойып, осы іске үлкен үлес қосып жүрген жандар Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қоғамдық іс-шараларға белсенді атсалысып жүрген этномәдени орталықтардың мүшелері, аудандағы колледждер мен кейбір мектеп басшылары да мерекеге орай аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Іс-шара халық достығын паш еткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Әр ұлттың әнін әуелетіп, биін нақышына келтіре билеген «Улыбка», «Бахар», «Ирада», «Картал» ансамбльдері көптің көңілінен шықты.

    Ортақ Отанда өсіп-өніп, бір мақсат пен бір мүддеге жұмылған жандардың жарасқан береке-бірлігі мәңгілік болғай!

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    4 months ago
    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    “Жастар сайлауға жауапкершілікпен қарау керек”

    2 years ago
    Ертең мені атады…

    Ертең мені атады…

    2 years ago
    Ат үстіндегі сайыс

    Ат үстіндегі сайыс

    8 months ago
    Газдандыру қарқын алады

    Алматы облысындағы ауылшаруашылығының келешегі: Өсу, жаңару және инвестиция

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.