Перейти к содержимому
Главная страница » Биылғы бірқатар жолдың құрылысы басталады

Биылғы бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол жасалады.

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау — Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады.

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады.

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі — Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен — Рахман кілттері», «Орал – Атырау» жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұларға қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жетеғабыл жол жөнделеді.