Алматы облысының әкімі
Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – татулық пен достықтың, өзара сыйластық пен келісімнің нышанына айналған айрықша мейрам. Бірлігі жарасқан елдің ғана болашағы жарқын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында: «Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы – ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ», – деп атап өтті.
Алматы облысында бүгінде 105 этностың өкілі тату-тәтті өмір сүріп, өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Облыстағы халық саны 1,5 миллионнан асты. 34 этномәдени бірлестік, ақсақалдар мен аналар ұйымдары бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту жолында жемісті еңбек етуде. Өткен жылы 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 6,4 пайызға артты. Бұл – ауызбіршіліктің, ортақ еңбектің жемісі. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Елдің бірлігі мен берекесі арта берсін!