-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Майдандағы медбике

    10.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Майдандағы медбике
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Оксана Бетебаева Қонаев қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 7 қазан 1920 жылы дүниеге келген. Медучилищені тәмамдаған соң, 1941 жылы соғысқа шақырылып, госпитальда медбике қызметін атқарған. Батыр қыз ІІ дәрежелі ҰОС орденімен марапатталған.

    Әжейдің майдандағы және оған дейінгі өмір естеліктерімен қызы Нина бөлісті.

    «Анам 8 сынып тәмамдаған, кейіннен медучилищеге түсіп, аяқтаған соң, бірден соғысқа аттанған. Қасында жерлес 20 қыз болған. Елі мен жерін қимаған қыздар пойызда еңкілдеп, етектері жасқа толып, қан майданның ортасына дөп түскен», – деді қызы.

    Әжей қару алып соғыспағанымен, госпитальдағы қызметінің қиынға соққанын қызына айтыпты.

    «Фугас бомбасы ғимарат төбесіне құласа, қыздардың барлығы жиналып, оны атылып кетпеуі үшін жерге лақтырған. Бұл – басшылықтың бұйрығы еді және ол еш талқыланбайды. Жан-жақтан снарядтар ұшып жатқанда қыздар жаралы жауынгерлерді бомбадан сақтаушы жерге арқалап апарып, кейін қайта госпитальға көтерген. Сөйтіп жүрген күннің бірінде әкем Бекежан Бетебаев ауыр бас жарақатымен госпитальға түскен. Есін жинағанда қайта соғысқа аттанып, 1945 жылы анамды іздеп келіп, сол жылы отау құрған», – деді Нина.

    Мұнымен өмірдің соқпағы бітпейді. Оксана күйеуімен бірге 1948 жылы Берлинді қалпына келтіруге барған. Сол жерде ұлын босанады. 1949 жылы Панфилов ауданына көшіп келген. Сонда Бекежан мұғалім, Оксана медбике қызметін атқарған. Бұдан кейін Қапшағайға қоныс аударған. Жалпы әжей үш құрсақ көтерген. Қазірде ұрпақтары Қазақстан мен Германияда өмір сүреді.

    «Құрбы-құрдастарымен мындаға дейін араласты. Майданды қайғыра еске алады. Әлі күнге дейін жылап та қалады. Жан-жақтан қауғалаған оқ-қарудың даусы анамның жадында жатталған. Ол ең бастысы – соғыс болмағанын, ел аман, жұрт тыныш болуын тілейді», – деп қорытындылады сөзін Нина.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Оксана әжені мерекемен құттықтаған қауым көп, алайда, бұл – майданның салған жарасын еш жазбайды. Қонаев қаласы әкімдігі тарапынан әжеге 5 млн.теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек төленді.

    Ер есімі – ел есінде…

    Ұсынымдар

    Алматы облысында күн суытып, жолдар жабылды

    Алматы облысында күн суытып, жолдар жабылды

    1 year ago
    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    2 years ago
    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    1 year ago
    Болашақтың энергиясы

    Болашақтың энергиясы

    10 months ago
    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    Казахстан значительно улучшил позиции в индексе открытости

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.