-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Татулық тұғыры

    30.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Құқық-заң
    Татулық тұғыры
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қонаев қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты ХХХ сессиясы өтті. Сессияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтардың, ақсақалдар мен аналар кеңесінің, мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағалары, басқарма басшылары, Ассамблея жастары, жетекші журналистер клубы, медиация кеңесінің мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат өкілдері қатысты.

    Келелі басқосуда облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайту міндетін жүктегенін атап өтті. Аймақ басшысы өз сөзінде өңірде тұрақтылықты сақтау, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениет пен дәстүр өкілдерімен өзара тату іс-қимыл жасау дағдысын қалыптастырудағы маңызын тілге тиек етті. Одан кейін сөз кезегі облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Абитовке берілді.

    – Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл! Бірлік пен келісім жолындағы 30 жылда татулық пен ынтымақ елдігіміздің мызғымас тұғыры болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл тұғырды абыроймен ұстап келеді. «Қоғамдық келісім және даму орталығы» мекемесі мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарына енетін ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, медиация қызметі, Ассамблея жастары, этномәдени бірлестіктер, «Жомарт жан» орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, жетекші журналистер клубы этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытында идеологиялық тұрғыдан маңызды жұмыс атқарып келеді. Этномәдени бірлестіктер жыл басынан бері 16 000 адамның қатысуымен 103 шара өткізді. Облыс көлемінде ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, этносаралық қатынасты нығайту және тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу мақсатында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы, 2025 жылы мерейтойлық іс-шаралардың барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу тұжырымдамасында ұсынылған бастамалар мен тәсілдерге негізделіп ұйымдастырылуда. Солардың арасындағы «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясындағы фестивальдерді өткізуге 11 млн теңге қаражат бөлінген болатын.

    Жоба аясында наурызда Алғыс айту күні, «Масленица – Қазақстан этностарының халықтық дәстүрлері» мерекесі, мамыр айында «Славян жазуы мен мәдениеті» фестивалі аясында «Музыкальная ложка» балалар шығармашылық ұжымдарының байқауы, «Тано» корей мәдениеті фестивалі ұйымдастырылды, – деген басқарма басшысы сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеп, насихаттау мемлекеттің ғана емес, барша қоғам мүшелерінің ортақ міндеті екенін жеткізді.

    Келесі кезекте облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық топ жетекшісі Сұлтан Нұрдәулетовтің «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы мен облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының мүшесі Қуаныш Тұнғатардың «Этножурналистика – қоғамды біріктірудің нәзік құралы» атты баяндамалары тыңдалды.

    Сұлтан Нұрғайыпұлының сөзінше, қазіргі таңда Алматы облысының мәслихаттарында 228 депутат жұмыс атқарады. Оның ішінде орыс, ұйғыр, әзербайжан, корей, украин этностары бар. ҚР Парламенті Сенатының 2024 жылғы маусымдағы хатына сәйкес, 2024-2025 жылдарға арналған облыстағы этномәдени бірлестіктер, қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесу кестесі әзірленген. Облыстық мәслихат жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы құрылған.

    Мінберге көтерілген облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қуаныш Абайбекұлы Ассамблеяның жұмысын ел арасында түсіндіріп, өткізген іс-шараларын көрсетіп, жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор екені жайлы сөз қозғады. Жыл басыннан бері «Алатау арайы» мен «Огни Алатау» газетінің этномәдени орталықтардың, облыс, аудан, ауылдардағы этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін, кәсібі мен елге, жерге деген сүйіспеншілігін көрсететін мазмұнды мақалалар ұйымдастырып келе жатқанын тілге тиек етті. Сөз арасында газет редакторы соңғы кездері ел ішінде мемлекеттік тілге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлардың болғанын айтып, аймақ басшысына өз ұсынысын жеткізді.

    – Облыстық Ассамблея мен ішкі саясат, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалар бірігіп, өңірдегі кәсіпкерлер, тұрғындармен тіл мәселесіне байланысты іс-шараларды көбірек өткізіп, идеология жұмыстарын күшейтсе, тілге байланысты нормативтерді кеңінен түсіндірсе, көшелерге, қоғамдық орындарға тілге байланысты көрнекі құралдар көбірек ілінсе деген ұсыныс айтқым келеді,– деді Қуаныш Тұнғатар. Бұдан бөлек, этножурналистика бағытында маманданудың, кәсіби біліктілікті арттырудың маңызы жайлы айтты.

    Аталған сессия отырысында Ұйғыр аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлжахан Кәкішқызы «Елдесу және татуласу» жобасы мен облыстық орыс этномәдени орталығының төрағасы Лариса Котельникованың «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік базасы» жобасы жайындағы баяндамалары да көпшілік назарынан тыс қалмады.

    Сессияны қорытындылаған Марат Елеусізұлы қаралған маңызды мәселелердің, айтылған орынды ойлар мен ұтымды ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын қаперге салды. Сондайақ Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясының шешімдерін іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды, татулықты сақтап, тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырған бірегей құрылымның 30 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге басымдылық беру қажеттігін айтты.

    – «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді. Қазақстанда келісім, төзімділік, достық ұғымдары құры ұран емес, азаматтардың күнделікті өмір салтына айналған құндылық», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Отан тарихындағы осы кезде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс, – деді сессияны қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯДЫ

    ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЯДЫ

    6 months ago
    Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

    Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

    10 months ago
    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    Жақсы сөз жан сүйсіндіреді

    4 months ago
    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    Алматы облысында тұрмыста зорлық-зомбылық көрген 47 әйел көмекке жүгінді

    2 years ago

    Бақытты балалық шақ: Облыста балалар күні қалай аталып өтеді?

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>