☀️
2°C
Қонаев
Жұма, Қараша 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Заманауи мұғалім

    23.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Заманауи мұғалім
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Мұғалім болу оңай емес. Оқушыларға білім беру, табанды, жігерлі, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу ісінде оларға  артылатын жауапкершілік жүгінің салмағы да жеңіл болмайды.  Бүгінде қиын да қызықты қоғамдағы ең құрметті әрі  абыройлы мамандықты меңгерген ер-азаматтар некен-саяқ.  Соның бірі – Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұқаметқали Хасенов.

    Мұхаметқали Қожанбердіұлы. 1992 жылы 26 наурызда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген.  Осы ауылдағы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясын тәмамдаған соң, Алматы энергетика және байланыс университетін жылу-энергетика мамандығы бойынша бітірген. Одан кейін Қазақстан инженерлі педагогикалық университетіне түсіп, математика пәні мұғалімі мамандығын алып шығады. 2015 жылы өзі түлеп ұшқан білім ордасында математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Туған жеріне киелі мамандықты меңгеріп оралған жас маманды тәжірибесі толысқан ұстаздар құшақ жая қарсы алып, саланың қыр-сырына терең бойлай түсуіне септігін тигізді. Өзі де мол тәжірибе жинақтай отырып, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ақыл-ойы мен күш-жігерін аямай еңбек етіп келеді.

    Мұқаметқали Хасеновтың жеткен жетістіктері де аз емес. Облыстық жас математиктер олимпиадасының 2-ші дәрежелі дипломын, облыстық регатадан аудан командасының сапында 3-орынды иеленді. Облыстық білім басқармасы мен әдістемелік орталығының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапаталған. Былтыр «Жылдың үздік мұғалімі – 2024» облыстық байқауында  2-орынға ие болды. Әр деңгейдегі түрлі шараларда өз тәжірибесімен бөлісіп жүр.

    Мұғалімнің алдындағы міндеті өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әр оқушынының талантын ашып, өз-өзіне сенімін нығайтып, жетістікке жетелеу болу керек.  Бұл міндетті ол мінсіз атқаруда. Оған оның баулыған шәкірттері де талай байқаудың биік шыңынан көрініп жүргенін айтуға болады. Атап айтқанда, облыстық Қасымов Құлжабай атындағы олимпиадада Садыбақас Ерлан 3-орын, облыстық ғылыми жобалар байқауында Жақай Мухамедәлі 3-орын, республикалық ғылыми жобалар байқауында Жақай Мухамедәлі 2-орын алды.

    Өз мамандығын жанындай сүйетін заманауи мұғалімді әріптестері әрдайым құрмет тұтып, есімін мақтанышпен атайды.

    Саят ҮМБЕТӘЛИЕВ,

    Райымбек аудандық білім бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

    6 months ago
    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    6 months ago
    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    9 months ago
    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    2 years ago
    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>