-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    13.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Қолөнер – ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі. Бүгінгі күнде де осынау төл өнерімізді жаңғыртып жүрген шеберлер арамызда аз емес. Солардың қатарында Балқаш өңірінің тумасы Ермек Байымбетқызы да бар.

    Бала жасынан ақ желеңді дәрігер болуды армандаған әңгіме кейіпкері Бақанас орта мектебін бітірген соң, 1977 жылы Талғар медициналық училищесіне оқуға түседі. Мейірбике мамандығын иеленіп, еңбек жолын Бақанастағы обаға қарсы күрес бөлімінде лаборант болудан бастайды. Кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің биология-экология факультетін бітіріп, өзі қызмет етіп жүрген мекемеде зейнетке шыққанға дейін зоолог болып жұмыс істеді. Ұзақ жыл сіңірген еңбегі үшін 2011 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мамандығын мақтанышы санаған еңбек адамының мәртебелі де мерейлі еңбек жолы ұжымдастарына, өзінен кейінгі ізбасарларына үлгі-өнеге бола білді.
    Қызметін атқара жүріп, бос уақытын бекерге өткізуді қаламайтын Ермектің әрбір күні ізгілікті істерге, толассыз ізденіске толы. Ол еселі еңбегімен әуесқой қолөнер шеберіне айналды. Ермек әуелде ермексаз арқылы жан-жануардың, жәндіктердің бейнесін кескіндеумен айналысты. Бірте-бірте зооморфтық, космогондық және геометриялық ою-өрнектер салуға көшті. 2006 жылы жұмыс бабымен Талдықорған қаласына барғанда, Қытайдан келген қандастардың қолөнер көрмесін тамашалайды. Сондағы шеберлерден тоқу өнерінің қыр-сырына қанығады.
    Зейнетке шыққаннан кейін моншақпен тоқу өнерін түбегейлі қолға алды. Оның қолынан шыққан әшекей бұйымдар мен қыз-келіншектердің қол сөмкелері, әртүрлі матадан жасалған гүлдестелер көрген жанның көзайымына айналды. Бірақ ол бұл өнерін бизнеске айналдырмады, бұйымдарын сыйлыққа беріп, құрбыларының, әріптестері мен таныстарының жүрегіне қуаныш нұрын сыйлай білді.
    Өзінің туындыларымен облыстық қолөнер көрмесіне қатысып, ермексаздан басталған еңбегі жоғары бағаланған. Жуырда Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде де жеке көрмесін ұйымдастырды. Мектеп жасындағы «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысушыларға шеберлік сабағын өткізді. Қолөнерді жас ұрпаққа өнегелеп, өріс алуына өз үлесін қосып келеді.

    Зәуреш ДЕМЕУҚҰЛОВА,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Бір шаңырақ астында

    Бір шаңырақ астында

    5 months ago
    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    Терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

    2 years ago
    Алматы облысының сауда нысандары тексерілді

    Алматы облысының сауда нысандары тексерілді

    1 year ago
    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    2 years ago
    Мықты қазақ

    Шынайы сөздің шынары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.