-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Жер бос жатпауы тиіс

    16.05.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Облыста ауылшаруашылық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда.  Осы жылдың басынан бері мемлекет меншігіне 39,8 мың гектар жер қайтарылып үлгерді. Соның ішінде 5,5 мыңы – сот шешімі бойынша қайтса, ал қалған 34,3 мың гектарды жерпайдаланушылар өз еріктерімен берген.

    Аталған жұмыс ел Президентінің жер ресурстарын тиімді пайдалану және олардың игерусіз бос жатуына жол бермеуге бағытталған тапсырмасын орындау аясында жүргізілуде. Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, жыл соңына дейін мемлекет меншігіне бұдан бұрын заң талаптарын бұза отырып берілген немесе мақсатсыз пайдаланыста жатқан 90 мыңға жуық гектарды қайтару көзделіп отыр.

    «Жерді тұрақты пайдалану фермерлікті дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігіне жол ашады. Біздің мақсатымыз – жазалау немесе жер телімін тартып алу емес, басты міндет – жерді іске қосу үшін қайтару. Иелігіндегі жер телімін өз еркімен қайтарғандар ешқандай әкімшілік шаралардың қысымына ұшырамайды», – деп атап өтті облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахманов.

    Ауыл шаруашылық жерлерді пайдалануды бақылау космо-мониторинг көмегімен жүзеге асады, ал аймақтарда мобильді топтар жұмыс істейді. Жылдар бойы өз жер телімдерін пайдаланбайтын ірі латифундистерге ерекше назар аударылады.

    Қорыта айтқанда, жерді ауылшаруашылық айналымына енгізу жөніндегі жұмыс барлық ауданда жүзеге асырылуда. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер адал кәсіп иесі – ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге қайта ұсынылатын болады. Бұл тұрғыда шағын және орта агробизнес басымдыққа ие.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Қарттарым, аман-сау жүрші!

    Қарттарым, аман-сау жүрші!

    9 months ago
    Алматы облысында 285,5 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды

    8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    2 years ago
    Қамданған қапы қалмайды

    Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық басталды

    4 months ago
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    12 months ago
    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    БАКУДЕГІ БЕРДІБЕК ТОЙЫ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.