-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дарынды оқушы – ел мерейі

    20.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Дарынды оқушы – ел мерейі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов 11 жыл бойы үздік оқып, «Алтын белгіге» үміткер атанған өңір түлектерімен кездесті. Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында өткен шараның жаңа өмір жолына қанат қаққалы тұрған жастар үшін маңызы зор болды.

    Биылғы оқу жылында аудан көлеміндегі білім шаңырақтарынан 291 оқушы түлеп ұшса, олардың 25-і «Алтын белгі», 26 түлек «Үздік аттестат» иегері. Өңір мерейін асырған жастармен емен-жарқын әңгіме тиегін ағытқан аудан басшысы оларға өмірден өз орындарын тауып, мамандық таңдауда қателеспеуге, жақсы азамат болып қалыптасуларына тілектестігін білдірді. Оларға білім нәрін берген ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.

    Шараға қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың қолында екенін айтып, алтын ұядан қанат қағып отырған түлектерге сәт-сапар тіледі.

    Мектеп бітіруші түлектер армандары мен болашаққа деген жоспарларымен бөлісіп, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жөнінде әңгіме өрбітіп, өз ойларын ортаға салды. Аудан басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

    Кездесу соңында Азат Үкітайұлы оқуда озат болып, білім додаларында биік белестерді бағындырған оқушылардың белсенділігіне жоғары баға беріп, олардың бастамалары мен талаптарына қолдау білдіретінін айтты. Сондай-ақ мемлекетімізде білімге, еңбекке құштар жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін тілге тиек етіп, естелік суреттерге түсті.

    Бала болашағының жарқын болуы – тәрбие мен білім беру жүйесінің сапасына тікелей байланысты. Бұл ретте мектептің алатын орны айрықша. Сондықтан мектептің қауіпсіз әрі жайлы болуы әрбір баланың бақыты мен еркін дамуының негізгі кепілі саналады. Қауіпсіз мектепте білім нәрімен сусындаған оқушы өзін бағалайды, өзгеге құрметпен қарайды, армандарына сенеді. Мұндай ортада баланың жан-жақты дамуына жол ашылады.

    Дарынды балаларды қолдау – қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі. Бұл тұрғыда Тәуелсіз мемлекетімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Нәтижесінде талапты оқушыларымыз облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда аудан намысын қорғап, абыройымызды асқақтатуда. Білімді жастар қашанда ел мерейін асыра берері сөзсіз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

     Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев командасы үздік шықты

    Қонаев командасы үздік шықты

    12 months ago
    АУЫЛДЫ АҚСАТЫП АЛМАЙЫҚ

    АУЫЛДЫ АҚСАТЫП АЛМАЙЫҚ

    11 months ago
    Тұрғындардың жолға қатысты талап-тілегі тыңдалды

    Тұрғындардың жолға қатысты талап-тілегі тыңдалды

    1 year ago
    Өлгендер қайтып келеді

    Өлгендер қайтып келеді

    10 months ago
    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    Жерлесіміз жеңіс тұғырында!

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>