-13 °c
Qonaev
Friday, June 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қаламгер еңбегі сараланды

    09.06.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ізгілік бастауы
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Ыбырайымның 75 жасқа толған мерейтойына орай Алматыдағы орталық ғылыми кітапханада «Балалар әдебиетінің, әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

    Рухани шараға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов модератор болып, айтулы жиынның мән-маңызын түсіндірді.

    – Филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Бекмұратұлы Ыбырайымның мерейтойына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қош келдіңіздер! Бүгін шырайлы шаңырағымызда қазақтың зиялы қауымының, қалам ұстап жүрген қайраткерлерінің басын қосып отырмыз. Бекен Бекмұратұлы жөнінде көп айтуға болады. Оның әрбір еңбегі – жеке конференция тақырыбына сұранып тұрған терең дүние, – деді Кенжехан Матыжанов.

    Алғашқы болып сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов мерейтой иесін әдебиетке, ғылымға сіңірген еңбегімен құттықтады.

    – Сіз балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қаламгер, көрнекті әдебиеттанушысыз. Сіздің құрастыруыңызбен жарық көрген 19 томдық суырыпсалма ақындар шығармалары – шын мәнінде ұлттың рухани жауһары. Әсет, Жамбыл, Ақан сері, Сүйінбай, Балуан Шолақ сияқты ірі ақындардың мол мұрасын біз сіздің көптомдығыңыз арқылы таныдық. Әдебиетке 1966 жылы “Балдырғанда” жарияланған алғашқы мақалаңызбен қадам басып, өз соқпағыңызды салдыңыз. “Иірім” повесі, “Іздер құпиясы” романы арқылы жазушы ретіндегі болмысыңыз қалыптасты», – деп Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтауларын табыс етті.

    Келесі болып мінберге көтерілген Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек аудан әкімі Жасұлан Естеновтің ыстық сәлемін жеткізді. Сонымен қатар кеште Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілі мінберге көтеріліп, аталмыш оқу орнының басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеповтің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Гүлмира Қанайдың, ҚР Кітап палатасы директоры Әділ Қойтановтың құттықтау хаттары оқылды. Бұдан кейін жазушының «Көкжиек-Горизонт» баспасынан жарық көрген «Көйлек киген көбелек» кітабының тұсауы кесілді.

    Конференцияның  ғылыми баяндамалар бөлімі де ерекше мазмұнмен өрілді. Профессор Шәкір Ыбыраев «Шығармашылық және ұлттық руханият» тақырыбында қаламгердің ұлттық дүниетанымға негізделген зерттеулерін саралады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев өз сөзінде:

    – Қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде де, ғылымның зерттеу алаңында да қатар ізденіп келе жатқан әрі қаламгер, әрі ғалым санаулы ғана десем қателеспеймін. Бекен Ыбырайым – сондай сирек тұлғаның бірі», – деп оның шығармашылық шыңын өз әңгімесіне арқау етті.  Жазушы, драматург Серік Асылбекұлы «Бекен Ыбырайым прозасының поэтикалық палитрасы» атты баяндамасында көркемдік құрылым мен тіл өрнегіне талдау жасады. Ал Қазақстанның Құрметті жазушысы Жанғара Дәдебаев «Кемеліне келген шығармашылық тұлға» атты баяндамасында жазушының әдебиеттегі ерен еңбегін атап өтті. Өз кезегінде сөз алған филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш «Бекен Ыбырайым және қазіргі қазақ балалар прозасы» жайлы баяндап, оның балалар әдебиетінде тұңғыш детектив роман жазғанын ерекше атады. Жазушы Қансейіт Әбдезұлы да  «Б.Ыбырайым және қазіргі қазақ әдебиеттануы» баяндамасында ғалымның ғылыми еңбектерін жүйелеп талдады. “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Арасанбай Естен балалар әдебиетіндегі «Іздер құпиясы» романы туралы, Назарбаев университетінің доценті Гүлнәр Омарбекова экологиялық тақырыптар жөнінде, ал филолог Гүлжаһан Орда жазушының «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық еңбектегі орны жайлы терең пайым жасады.

    Ғылыми жиын барысында Бекен Ыбырайым шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі де көпшілік назарына ұсынылды. Жазушының әр жылдары жарық көрген еңбектері мен құнды ғылыми-зерттеу жұмыстары рухани байлықтың қазынасын паш етті.

    Бұл мерейтойлық конференция – әдебиетке, ғылымға, ұлт руханиятына адал қызмет еткен қаламгерге көрсетілген зор құрметтің белгісі болды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Іле ауданының бюджеті мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындыланды

    Іле ауданының бюджеті мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындыланды

    1 week ago
    Самокатпен келіп дауыс берді

    Самокатпен келіп дауыс берді

    9 months ago
    Биікті бағындырған балуан

    Биікті бағындырған балуан

    11 months ago
    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    Алматы облысында биыл суға батқан 85 адам құтқарылды

    2 years ago
    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    Үлкен спорттағы алғашқы қадам

    1 week ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>