-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қыс қамын жаз ойла

    17.06.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қыс қамын жаз ойла
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

           Аграрлы ауданымызда мал өсірумен тұрақты айналысып жүрген шаруашылықтар жаз мезгілі басталғалы көк шалғынға шалғы салып, қысқы мал азығын дайындау жұмысына кірісіп кетті.

    Аудан бойынша биыл 16124,1 гектар суармалы жерге көпжылдық шөп егілген. Бұл іспен тұрақты айналысатын шаруашылықтар қазіргі таңда көпжылдық шөп егілген суармалы жердің 4580 гектарын шалғыға жығып, 1955 гектар жерді бастырып үлгерген. Қысқы мал азығын дайындау жұмысына ерекше атсалысып жатқан шаруашылықтардың бірі – Ақдала ауылдық округіне қарасты «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш шаруашылыққа арнайы атбасын бұрғанымызда, ол жердегі жұмыстың қарбалас жүргізіліп жатқанына көз жеткіздік.
    Таңмен таласа тұрып, жұмыс жүйесін қарқынды жүргізіп, еңбектің көрігін қыздырып жатқан пішеншілердің қайсы бірін алсаң да атқарып жатқан жұмысы ауқымды. «Бауыржан-7» ЖШС-ның механизаторлары да бұл іске әбден машықтанып алғаны көрініп тұр. Шөп бастырумен тұрақты айналысып жүрген механизаторлар, ағайынды Мәди, Асқар Дүйсембековтар және шөп тиегіш құрылғы орнатылған «МТЗ-80» тракторын тізгіндеген Дидар Құлсейітов өз ісінің нағыз хас шеберлері екен.
    Берекелі ырысты ысырапсыз кәдеге асыруды мақсат тұтқан пішеншілер түнгі мезгілде шөп басса, ору, бастырылған орамаларды көліктерге тиеу жұмысы кешкі уақытта және таңғы салқында атқарылады. Өйткені осы уақыт пішеншілердің егіс алқапта жұмыс істеуіне қолайлы.
    «Бауыржан-7» ЖШС-ның тыныс-тіршілігімен жақын танысу барысында ойға түйгенім, олар биыл өздеріне тиесілі 540 гектар суармалы жердің 240 гектарына күріш, 300 гектар жерге көпжылдық шөп еккен. Қазіргі таңда көк шалғынның 140 гектарын шалғыға жығып, 35 гектар жерді бастырып, қысқы мал азығын дайындау үстінде. Мұның сыртында «Бейбіт» шаруа қожалығына қарасты 183 гектар суармалы егіс алқабына бидай дәні себілген. Бұл екі шаруашылықтың жұмысын бірлесе атқаруы Талғат пен Бейбіт есімді ағайынды Сұлтановтардың қос салалы шаруашылықты дамыту жоспарына енгізілген. Әке жолын жалғаған ағайынды жігіттер «Бейбіт» шаруа қожалығында ірі қара, жылқы және қой-ешкі түрлерін өсіріп жатыр. Мал басын қыстан аман алып шығу үшін 1500-ден аса орама шөп, 30 тонна жем дайындау жылдағы дәстүрге айналған.
    Қысқы мал азығын дайындау жұмы­сына қажетті техникалары да сақадай сай. Қосалқы бөлшектері мен жанар-жағар майы жеткілікті шаруашылықта екі «Германка», екі шөп жентектегіш және екі «МТЗ-80» тракторына шөп тиегіш құрылғы орнатылған. Сондай-ақ алдағы айда атқарылатын бидай ору жұмысына екі «Daminator-204», екі «Енесей-1200» комбайндарын тастүйін дайындап қойған. Астық және шөп тасымалдау, тағы басқа жұмыстарға арналған КамАЗ, «ЗиЛ-130» көліктерінің тіркемелері де бар.
    Әңгіме барысында шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов шаруа­шылық­тың іргетасы 2001 жылы қаланғанын және 2004 жылдан бері өзінің әке жолын жалғастырып жүргенін айтып, осы жылдарда көп тәжірибе жинақтап, егін егу, ору, қысқы мал азығын дайындаудың қыр-сырын меңгергенін айтты.
    Осылайша, ауданда шөп ору науқаны айтарлықтай қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаз мезгілі қысқы мал азығын дайындауға өте қолайлы кезең болғандықтан, мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар жем-шөп қорын ерте кезден әзірлеп, қыстың қамын жаз ойлауда.
    Әсіресе пішеншілер ауа райының ашық күндерінде шөп шауып, оның нәрі жойылмай тұрғанда жинап алуды басты мақсат санап, аптап ыстық күндерге қарамастан дала төсінде тынымсыз еңбек етуде.

    Бақтығали МЕЙРАМБЕКҰЛЫ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    9 months ago
    Жас балуандар белдесті

    Жас балуандар белдесті

    9 months ago
    Тәуелсіздік ерлері

    Тәуелсіздік ерлері

    2 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Министрлік: Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салуды қолдады

    2 years ago
    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды

    Алматы облысында «WorldSkills – 2023» аймақтық чемпионаты басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.