⛅
22°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында есірткімен күрес күшейді

    14.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында есірткімен күрес күшейді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында Алматы облысында есірткіге қарсы күрес бағытында кең көлемде жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 111 есірткіге қатысты құқықбұзушылықты анықтады. Оның 66-сы – қылмыстық іс. Олардың қатарында аса ірі көлемде сақтау, сату, дайындау және есірткі жарнамасы бар. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі тәркіленді. Атап айтқанда, 164 келі синтетикалық есірткі, 21 келі марихуана, 9 келі гашиш, 242 грамм героин және 900 келі жабайы қарасора, – деді Бағдат Әшімов.

    Полиция қызметкерлері есірткі өндірумен және өсірумен айналысқан 8 жасырын зертхананы жойды. Анықталған зертханалардың 2 синтетикалық есірткі өндіруге маманданған болса, қалған құрамында есірткілік заттары бар өсімдіктерді заңсыз түрде өсірген.
    1 маусымнан бастап облыс аумағында кең ауқымды «Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Шараның мақсаты – заңсыз егістіктерді анықтап, жабайы қарасораны жою, транзиттік арналарды кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу.

    Операция басталғалы 12 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Олардың ішінде – сату, аса ірі көлемде сақтау және заңсыз өсіру фактілері бар. Мысалы, Іле ауданында сату фактісі, ал Талғар ауданында есірткіні сақтау бойынша 9 дерек тіркелді, оның 2 – аса ірі көлемде, – деді Бағдат Әшімов.

    Бақылауды күшейту мақсатында Алматы–Бішкек және Алматы–Өскемен тас жолдарында түнгі жылжымалы 2 бірдей блокбекет қойылды. Күн сайын әр көлік мұқият тексеріледі.
    Есірткіге қатысты күмәнді деректер туралы 102 нөміріне анонимді түрде хабарлауға болады.Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен есірткі қылмысына қарсы күресте әрбір азаматтың үлесі маңызды

    Ұсынымдар

    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    «Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

    1 year ago
    Еселі еңбек жемісі

    Еселі еңбек жемісі

    9 months ago
    Көздің де киесі бар

    Көздің де киесі бар

    2 months ago
    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    5 months ago
    Алматы облысындағы бірнеше ауылда ауызсу бағасы арзандады

    Коммуналдық қызмет төлемдері қаншаға қымбаттайды?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>