-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Еңбегімді елордаға арнаймын

    05.07.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Еңбегімді елордаға арнаймын
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Мен Астанаға алғаш 2012 жылы Райымбек ауданы Текес ауылынан көшіп келдім. Сол кезден бері осы алып қаланың құрылыс саласында, нақты айтсам, электр жүйелерін тарту, инфрақұрылымды жарықпен қамтамасыз ету бағытында еңбек етіп келемін. Бұл мен үшін жай ғана жұмыс емес, өмірімнің мәні, өз болашағымды осы шаһармен байланыстыруымның көрінісі.
    Қазір қарап отырсам, Астанаға келген жылдарым елордамен бірге менің де өсіп, өркендеген шағым екен. Бүгінде өзім қызмет көрсететін нысандар қатарында тұрғын үй, мектеп, балабақша, емхана, әкімшілік ғимараттар мен мәдениет ошақтары бар. Әрбір жарықтандырылған бөлме, әрбір іске қосылған трансформатор – мен үшін еңбекпен келген кішкентай жеңіс.
    Қала күннен-күнге жаңарып, көрейіп келеді. Жаңа ықшамаудандар, заманауи тұрғын үй кешендері бой көтеруде. Ал ол нысандардың ішінде жылылық пен жарық болу үшін біз – электр мамандары тынымсыз еңбек етеміз. Астананың жарқыраған кешкі көрінісінде біз секілді жүздеген, мыңдаған еңбек адамының ізі жатыр.
    2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл – біз секілді жұмысшы маман иелеріне көрсетілген зор құрмет деп білемін. Себебі қала өркендейді, даму тоқтамайды. Ал сол дамудың іргесін қалап жүрген – біз, еңбек адамдары.
    Астананың әрбір көшесін жарықпен қамтамасыз ету тек техника мен сым тарту ғана емес, бұл – адамдардың қауіпсіздігі, жайлылығы, болашаққа деген сенімі. Осында дүниеге келген төрт балам да жарқын шаһарда өсіп келеді. Олар жарық әрі жайлы мектептерде білім алады, кешкісін шырақтай жанған саябақтарда ойнайды. Осыны көріп, өз еңбегімнің ел игілігіне жарағанын сезінгенде көңілім марқаяды.
    Астана – менің кәсібімді таптырған, отбасымның тіршілігіне тірек болған, болашағыма жол ашқан қала. Таң ата салысымен еңбекке кірісіп, күн батар сәтте шаһардың келбетіне қарап риза боласың. Кешкілік шамдар жарқ ете қалғанда, «Міне, бұл – біздің де еңбегіміз!» деген мақтаныш сезімі кернейді.
    Астана күні тек қаланың туған күні емес. Бұл – елдің жүрегін қалыптастыруға үлес қосқан мыңдаған жұмысшының, соның ішінде электр мамандарының да мәртебесін асқақтатар мереке. Біз елордамен бірге өсіп, бірге өркендеп келеміз.
    Астана – елдің болашағы. Ал сол болашақтың жарық болуы үшін біз әлі де талай тер төгеміз!

    Айбек Керімқұлов,
    электрмонтаждаушы
    Астана қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының әкімдігі қайтыс болған марафоншы туралы түсінік берді

    Алматы облысының әкімдігі қайтыс болған марафоншы туралы түсінік берді

    2 years ago
    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    АЭС-ке қажет мамандар елімізде дайындалады

    10 months ago
    Қиналғанда қолұшын созу – әрбіріміздің парызымыз

    Қиналғанда қолұшын созу – әрбіріміздің парызымыз

    1 year ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    5 months ago
    Көрнекі сурет

    Донор бол да өмір сыйла

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>