⛅
-10°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Ғылымға негізделген өндіріс

    14.07.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ғылымға негізделген өндіріс
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінен аймақтық топырақ және су ресурстары қорларын сақтай отырып, кез-келген  шаруашылық құрылымы жағдайында  экологиялық таза әрі жоғары өнімді  егіншілік жүйесін құру жұмысымен айналысады. Негізі 1934 жылы қаланған ғылыми институттың құрамында 19 бөлім мен зертхана, магистратура мен докторантура бар.

    Бидай мен арпа, бұршақ тұқымдастары, техникалық дақылдар мен жармалық өнімдерді, дәрілік өсімдіктерді құрғақшылыққа, өсімдік аурулары мен  зиянкестеріне  төзімді  жаңа мол өнімді сұраптары мен будандарын шығару, сондай-ақ оларды тұқымынан өсіру ісін ғылыми түрде жүргізетін бұл құрылымның  саладағы табыстары да айтуға тұрарлық.

    Бүгінде институт ұжымы қалыптасқан дәстүрді жалғастырып, еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерін аса жоғары сұрыпты тұқыммен қамтамасыз етіп келеді.

    ­­­– Институт қарамағында барлығы 2235 гектар егістік алқап бар, ­– дейді  ұзақ жылдан бері шаруашылық жұмыстарын жүргізіп келе жатқан Абдулла  Бәкеев. ­ – Оның 1100 гектарына арпа мен бидай егілсе, 250 гектарға софлор,  220 гектарға  соя, қалған жерлерге көпжылдық шөп пен экспорсет өсірілуде.

    Бізде негізінен институттың ғылыми қызметкері, биология ғылымының докторы Рахман Оразалиевтың жетекшілігімен шығарылған қазақстандық «Стекловидный – 24» деп аталатын сұрыбы қолданылады. Бұл әзірге еліміздегі сапалы әрі мол өнім беретін негізгі тұқым деп есептеледі. Мысалы, былтырғы жауын-шашынның мол болған жылы  кейбір алқаптардың әр гектарынан 50 центнерге дейін өнім алынды. Жалпы шаруашылық  бойынша гектар өнімділігі 35 центнерден айналған болатын. Биыл ылғалдың өте аз болғанына қарамастан  күздік бидайдың әр гектарынан 35 центнер  бидай орылып жатыр.

    Айтса айтқандай,  алымды да шалымды америкалық «John Deere» комбайндары алақандай алқапты бір айналмастан ақ қорабы астыққа толып, көліктерге тоғытып жатты.  Абдулла Мәлікұлының айтуынша, егін орағы  қара күзге дейін жалғасып, қараша айында соя өнімін жинаумен аяқталады екен.

    Көпжылдық шөп пен экспорсет алқаптарына екі рет орақ түседі. Оның бірінші өнімі мал азығы ретінде пайдаланылса,  екіншісінен тұқым дайындалып,   қайта егуге, өзге шаруашылықтарға сатуға пайдаланылады. Барлық агротехникалық талаптарды, егу мерзімі мен минералдық тыңайтқыштарды сіңіру жұмыстарын уақытылы атқару арқылы мұнда жоғары өнімге қол жеткізіліп келеді.

    Дала жұмысын сапалы жүргізу үшін  озық техника қажет екені түсінікті. Осы орайда екі  «John Deere»  комбайны мен селекциялық 4 комбайн өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып келеді. Немістің атақты «Valtra» тракторлары мен екі «Газ-53» автомашиналары орылған астықты қамбаға жеткізеді. Ал астық егуге арналған техника жөндеуден өткізіліп, дайындық сапына қойылған. Олар қыркүйек айында басталып кететін дала жұмысына сақадай сай тұр.

    Бүгінде институтта 350 қызметкер еңбек етеді десек, олардың көпшілігі ғылыми жұмыстармен қамтылған. Ал егін орағындағы механизаторларға алаңсыз еңбек етулері үшін барлық жағдай жасалған. Оларды үйлерінен егіс алқаптарына жеткізу, түскі ас пен кешкілік мәзірді қосын басына апару жүйелі жолға қойылған. Орақ жұмысына қатысатын механизаторлардың жалақысы  айына 800-900 мың теңгеге дейін жететін көрінеді. Осылайша білікті мамандардың тұрақтылығы қамтамасыз етіліп келеді.

    Қарасай ауданында халық өте тығыз орналасқандықтан егістік алқаптарына арналған жерлер өте аз екені белгілі. Дегенмен, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының диқандары осы аз жерден мол өнім алып, еліміздің астық қамбасын толтыруға сүбелі үлес қосуда.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    11 months ago
    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

    2 months ago
    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін

    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін

    2 months ago
    ЕСІРТКІГЕ ТОСҚАУЫЛ

    Жерді тиімді пайдалану – уақыт талабы

    1 month ago
    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    Елімізде қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>