-13 °c
Qonaev
Sunday, July 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзекті мәселе өз шешімін табады

    09.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Парламент
    Өзекті мәселе өз шешімін табады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан Райымбек ауданында іссапармен болды. Депутаттарды  облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев бастап келді. Сонымен қатар ҚР Су шаруашылығы министрлігінің өкілі Арсен Арманұлы, Сауда және интеграция министрлігінің бас сарапшысы Әлішер Нұрахмет, облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, облыс әкімінің кеңесшісі Нұржан Құдайбергенов халық қалаулыларымен бірге болып, аудан аумағындағы өзекті мәселелерге ортақ талдау жасады.

    Депутаттар жұмыс сапарын Тегістік ауылдық округіндегі индустриялық аймақта шаруалармен кәсіпкерлермен кездесуден бастады. Сенатор Жанболат Әкебайұлы мен мәжілісмен Жанарбек Әшімжан су шаруашылығына қатысты Парламент қабырғасында қабылданған Заңдар мен қаулы-қарарларға қысқаша тоқталды. Ауылшаруашылығына қатысты жоба-жоспарлардың орындалу барысынан хабардар етті. Бұдан кейінгі негізгі әңгіме ауданның ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытудағы атқарылып жатқан жұмыстар, бүгінгі күннің негізгі тақырыбына айналып отырған егістік алқаптарын суарудағы шешімін күткен өзекті мәселелер төңірегінде өрбіді.

    Әңгімеге арқау болған мәселелер жайлы Райымбек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Жусанбаев пен аудан әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов жан-жақты баяндады. Аспантаулар аясындағы ауданның негізгі бағыты ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Сондықтан мұндағы жұмыстардың барлығы жыл он екі ай бойы осы саланың айналасында өрбиді. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге үлкен көмек болуда. Нәтижесінде өткен жылдың өзінде ғана лизинг арқылы 100 трактор мен ауылшаруашылығы машиналары сатып алынды. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлердің өз кәсіптерін алаңсыз жүргізулеріне септігін тигізіп отыр. Туризм саласындағы нәрлі нәтижелер де өз жемісін беруде. Таулы өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты белгіленген бұдан басқа да жоспарлы шаралар ауданның өсіп-өркендеуіне оңды ықпал етуде. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын осылай баяндаған аудан өкілдері келесі кезекте халық қалаулыларының назарын су шаруашылығына қатысты туындап отырған мәселелерге аударды. Ауданда егістік, шабындық алқаптарын суаруға арналған Карачи, Әбдіхалық, Талас, Ақбұлақ арналары арқылы қазіргі таңда 12,5 мың гектар алқапқа су жіберіледі. Текестен Қызылшекараға дейінгі аралықтағы 37 шақырымдық Дараты су арнасы арқылы 7,5 мың гектар жер су көзін пайдаланады. Барлығы 23,5 мың гектар жер аталған арналардан келетін суға тәуелді. Бүгінгі алаңдаушылық тудырып отырған мәселе –  арналардың ескіріп, тозуынан кейбір суармалы алқаптарда су тапшылығының сезілуі. Ал арналарды қайта жөдеуден өткізіп, бұрынғы қалпына келтіру қыруар қаржыны талап етеді. Бұл мәселеге қатысты арнайы жасалған жобалар сараптамадан өткізіліп, тиісті министрлікке жіберілді. Егер жоба қолдау табатын болса, шөлейтке айналған 9 гектар алқап та су ішіп, суарылатын жер көлемі 32 гектарға жететін еді. Тағы бір айрықша тоқталатын жайт, көрші Қытай мемлекетімен арадағы су бөлінісінің жағдайы. Екі мемлекет арасындағы тау шатқалынан шығатын Ақбұлақ өзеніне екі жақ бірігіп, су тоспасын жасаған. Қазір осы тоспаға жиналған судың 70 пайызы Нарынқол, Қызылшекара, Сүмбе ауылдарына тиесілі болса, 30 пайызын көрші мемлекет ауылшаруашылығы үшін пайдалануда. Сонымен қатар, Сүмбе өзеніне салынған су тоспасын да екі жақ тең бөліп, пайдаға жаратуда.  Мұнда да қолбайлау болып отырған қиындықтар көп. Арыны қатты тау суы арналарды құм-тастармен толтырып тастайтын жайттар жиі кездеседі. Соның салдарынан егістік алқаптарына келетін су тиісті деңгейде жетпейді. Ал арналарды тазалап тұру үшін Қытай жағының келісімі керек. Сондықтан су шаруашылығымен айналысатын тиісті орындар өзіндік кедергі келтіретін жайттың шешім табуына қолдау көрсетсе, аталған ауылдық округтердегі су мәселесінің түйіні шешілер еді. Сенатор Жанболат Әкебайұлы осы салаға қатысты облыс әкімдігінің жауапты адамдарына мәселенің тиісті деңгейде орындалуына бақылау-басшылық жасау жөнінде тапсырма берді.

    Депутаттар шаруа қожалықтары мен өндірістік кооператив мүшелерінің де ұсыныс, пікірлеріне құлақ түрді.

    – Қараой өңірінен жасалған су қоймасы өз деңгейінде су бере алмай жатыр. Осы жерден 500 гектар алқапқа астық сепкен едік. Су қоймасы қажетімізді уақытылы өтей алмағандықтан, жерасты суын бұрғылау арқылы шығарып, пайдалануға мәжбүр болып отырмыз. Қызылшекара ауылдық округіне еккен картобымыз да арналардың жөндеу көрмегенінен суару уақытынан кешігіп жатыр. «Пепсико» зауытымен картоп өсіріп беру үшін тұқым алып,жерімізге сеуіп тастадық. Су тапшылығының кесірінен жасасқан келісімшартымыз орындалмай қала ма деп қауіптеніп отырған жайымыз бар, – деген «Алтын дән-1» өндірістік кооперативінің төрағасы Дулат Құлмамыров халық қалаулыларына алқаптарға келетін барлық арналардағы арық-атыздарды су еш кедергісіз ағатындай қалыпқа келтіруге көметкессеңіздер деген ұсынысын жеткізді.

    – Шекара ішіндегі Нарынқол, Қызылшекара, Сүмбе ауылдық округтеріне қарасты 14 мың гектар алқаптың 9 мың гектарында мемлекеттік акт жоқ. Сондықтан осы жерге иелік етіп жүрген шаруалар мемлекет тарапынан жасалатын көмектерге жете алмай келеді. Айтылған 100 трактордың да ауылы олар үшін алыс. Биыл 1 текше метр судың бағасы бұрынғы 70 тиыннан 1 теңге 41 тиынға көтерілді. Бұл да шаруалар үшін тиімсіз. Бағаны көтермес бұрын құзырлы орын ең алдымен су жүйелерін толыққанды жасап беруі керек қой. Су бағасының 40 пайызы мемлекеттік субсидия арқылы өтеледі дегенді естіп жатырмыз. Бұл, әрине, жақсы дүние. Бірақ бұл жақсылық тағы да сол мемлекеттік актісі жоқтарға жетпейін деп тұр, – деген «Мирас» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Марат Себдайыров, шекара ішіндегі жерлерге мемлекеттік акт берілуі туралы ұсынысын айтты. Депутаттар айтылып отырған мәселеге қатысты жасалып жатқан іс-шаралардан көпшілікті хабардар етті.

    «Нарынқол-Мұзарт» бекеттерінде сауда-көлік логистикалық орталықтарын ашу мәселесі жайлы әңгімеге де біраз уақыт болған. Осыған қатысты депутаттар шекара ішіндегі аталған орынға арнайы барып, мәселе қозғалып, түбегейлі шешім тапқалы бергі атқарылған жұмыстарға назар аударды. Екі мемлекет арасынан сауда-көлік логистикалық орталығын ашу аудан үшін тиімді болатыны анық. Өйткені, осынау игі шара арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы көтеріліп, тұрғындарының өмір сүру деңгейі анағұрлым артады. Кәсіпкерліктің дамып, жұмыссыздықтың жойылуына да ықпалы зор болмақ. Күнкөрістің қамымен басқа өңірге көшу де тоқтайтыны белгілі. Осы мәселелерді айта келе депутаттар логистикалық орталықтың тезірек ашылуы үшін ең қажетті құжаттарды дайындауға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдеріне, бекетпен Нарынқолдағы республикалық маңызы бар жолды жалғайтын 3,5 шақырым аралықтың жолын жуық арада бастап, қысқа мерзімде аяқтау жөнінде жауапты адамдарға тапсырма берді.

    Депутаттар сапар барысында республикалық маңызы бар «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының 74 шақырымының жөндеу жұмысымен танысты. Отыз жылдан бері арманға айналған 89 шақырымдық күре жолдың орташа жөндеу жұмысы өткен жылы Нарынқолдан басталып, Текеске дейінгі 15 шақырым жарты жылда әрең аяқталғаны жұрттың есінде. Ендігі қалған 74 шақырымының орташа жөндеу жұмысы «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның тапсырысымен «Нұрлы жол-7» ЖШС еншісіне тиіп отыр. ҚР Парламенті Сенатының тікелей бақылауына алынған жолдың  орташа жөндеу жұмысын аяқтау 2026 жылдың қараша айына белгіленіпті. Жоба бекітіліп, 8 миллиардқа жуық қаржы да бөлінген. Мердігер компанияға жүктелген міндет – осы бөлінген қаржыны суға ағызып, желге ұшырмай, игеру, белгіленген мерзімде жұмысты сапалы аяқтау. Қазір жолға қажетті құм-тас, топырақ алатын орындар белгіленді. Шымкенттен көшіріп әкелінген асфальт зауыты да құрастырылып бітті. Жол жөндеу жұмысының қиындығы ескеріліп, «Ақжол» атты мердігер компания қосалқы жөндеуші ретінде көмекке келіпті.  Жұмысқа ауыр-жеңілі бар 70-ке жуық техника қатыстырылмақ. Сонымен қатар 70-80 адам жұмысқа тартылмақ. Компания жұмысқа қажетті кейбір техникалар мен қол күшін жергілікті жерден қабылдауды ниетті. Сөйтіп, бір апта ішінде күре жолдың жұмысын бастап кетпек. Жол мамандарының сөзіне ден қойған депутаттар күрежолдың жөндеу жұмыстары аудан тұрғындарының да, Парламент пен Үкіметтің де тұрақты назарында болатынын қатаң ескертті.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    Жылдарға жалғасқан жырлар

    1 year ago
    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    1 year ago
    Қазақша сөйлесейік!

    Қазақша сөйлесейік!

    3 months ago
    СЕНІМДІ АҚТАУ – МЕН ҮШІН ҮЛКЕН БАҚЫТ!

    СЕНІМДІ АҚТАУ – МЕН ҮШІН ҮЛКЕН БАҚЫТ!

    3 months ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Тарихың қайда, тарланым?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>