Перейти к содержимому
Главная страница » Ұлттың үні

Ұлттың үні

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – қазақ халқының жаны мен жүрегінің үні, рухани мұрамыздың алтын арқауы. Еліміздің мәдени құндылықтарының бірі ретінде ол ғасырлар бойы ұрпақ тәрбие­сінің, ел бірлігінің және рухани сабақтастықтың символына айналды.
Алатаудың баурайындағы өнер мен мәдениетке бай Алматы облысы – күй өнерінің қанатын кеңге жайған киелі өңір. Бүгінде облыс аумағында ұлттық өнерді дәріптейтін домбыра мектептері жұмыс істейді. Күй фестивальдері мен жас өнерпаздарды қолдау шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл – ата-баба мұрасын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттауға бағытталған игі істердің айқын көрінісі.
Ұлттық домбыра күні – төл өнерімізді асқақтатып, мәдениетімізді мәйекті ететін ерекше мереке. Осы айтулы күн әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін!
Ұлттық мәдениетіміз мәңгі жасай берсін! Күй өнері шарықтап, киелі аспабымыз – домбыра әр үйдің төрінен табылсын!

Құрметпен,
Алматы облысының әкімі
Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ