-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа көшедегі жаңа нысан

    25.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаңа көшедегі жаңа нысан
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

           Еңбекшіарал ауылы – Жамбыл ауданындағы жылдам дамып келе жатқан елдімекеннің бірі. Үлкен жолдан қалтарыста болғанымен, аудан орталығына жақын орналасқандықтан, мұндағы демографиялық өсім жоғары. Сырттан көшіп келушілер қатары кейінгі жылдары еселеп арту үстінде. Соған байланысты мектеп тапшылығы пайда болған еді.

    Бұл мәселені шешу үшін мұнда 600 орындық «Келешек» мектебі бой көтерді. Жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған. Демек санаулы күннен кейін құрылысы толық аяқталып, заманауи білім мекемесі есігін айқара ашпақ. Ұстаздар мен оқушылар сол қуанышты күнді асыға күтіп отыр. Өйткені орын жетіспегендіктен, ауыл балалары үш ауысымда оқып келді. Жаңа мектептің құрылыс алаңында болып, істің жайын білдік. Мұндағы жұмыс барысымен бізді мердігер мекеме – «Альтаир» өндірістік кооперативінің төрағасы Елдос Есенбай және қажетті қаржы бөлген «Самұрық-Қазына Контракшн» акционерлік қоғамының өкілі Ұлан Солтанов таныстырды.

    Ауыл шетіндегі жаңадан салынған тұрғын үйлердің ортасында сәулеті келіскен білім шаңырағының бой көтеруі тұрғындар үшін үлкен игілік. Сырты көз тартарлықтай түсті материалдармен қапталып, қабырғасы әрленіп, жаңа көшеге көрік беріп тұр. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан нысан «Самұрық-Қазына Контракшн» АҚ-ның тапсырыс беруімен тұрғызылған. Жобалық құны 5 349,1 миллиард теңге. Бұған дейінгі қарапайым мектептерге қарағанда көлемі едәуір кең, әрі заманауи үлгіде салынған. Ұлан Сәметайұлының айтуынша, мұнда балалардың сапалы білім алуы үшін қажетті барлық жағдай қарастырылған. Кітап оқуға арналған кеңістіктер, шығармашылықпен айналысу мен демалуға лайықты бөлмелер оқушылар үшін қолжетімді болмақ.

    Мектеп құрылысы 2023 жылдың желтоқсанында басталған болатын. Алайда жұмыс барысында жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары кешеуілдеп берілуіне байланысты біршама кідіріс болған көрінеді. Елдос Сейітханұлы биыл жұмыс қарқынды жүргізіліп, 1 тамызға дейін толық аяқтау жоспарланғанын айтты. Жұмыстың біраз бөлігі бітуіне байланысты жалпы жұмысшылар саны да азайып келеді. Бұған дейін 100-ден астам жұмысшы тартылса, қазір мұнда 70-тен астам адам мен 4 арнайы техника іс басында жүр. Жалпы жұмыстың 90 пайызға жуығы орындалған. Айналасын абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс басында сондай-ақ нысанға техникалық қадағалауды жүргізетін мекемеден Болат Қасенов пен Ғабит Жүнісбековты және құрылыс ұйымының бас инженері Тимур Бектеновты кездестірдік.

    Жауаптылар нысан құрылысын оқу жылы басталғанға дейін толық бітіретіндеріне сенімді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Еңбекшіарал ауылы,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    “Өлке тынысы” ЖШС-іне ішкі талдау жүргізіледі

    “Өлке тынысы” ЖШС-іне ішкі талдау жүргізіледі

    2 years ago
    Темір тұлпар тізгіндеген

    Темір тұлпар тізгіндеген

    5 months ago
    Аламанда алға озғандар

    Аламанда алға озғандар

    8 months ago
    Өңірдің өз телеарнасы бар

    Өңірдің өз телеарнасы бар

    5 months ago
    Жеті ата

    Жеті ата

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>