☀️
-16°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 11, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ

    30.08.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    ҒАЛЫМ МҰРАСЫ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

          Жұмыр басты пенденің ғұмыры қамшының сабындай қысқа болғанымен, артында өнегелі іс қалдырып, еселі еңбегімен ел есінде сақталған тұлғалар бар. Солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, саналы ғұмырын Алаш қайраткерлерінің ғылыми мұрасын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, публицист Ғарифолла Әнес.

    Жуырда Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде «Ғарифолла Әнес оқулары: ғалым мұрасы» атты ғылыми конференция өтті. Аталған шараға зайыбы, профессор Бағдан Момынова, ғалыммен әр салада бірге қызмет істеген әріп­тестері, шәкірттері мен мәдениет жанашырлары қатысып, естеліктерімен бөлісті. Рухани жиында ғалымның «Мемлекеттік тіл және тілші ғалымдар. Тұлғалар» және «Алаш тарихы – шерлі шежіре» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.
    Конференцияға шақырылған құрметті қонақ­тар қатарында облыстық музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келімбетов, Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, Phd Ермұхамет Маралбек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің аға ғылыми қызметкері, Phd Әділет Ахметұлы болды.
    Қазіргі қоғамда сиреп бара жатқан классикалық лингвистика, баспа ісі ғылым­дарының табалдырығын аттап, сол салада еңбек еткен ғалымдар аз емес. Бірақ солардың арасында есімімен ерекшеленіп, болмысымен бөлініп, жайдары, жаймашуақ мінезімен менмұндалап, тұлғалық қасиетімен таудай көрінетін бірден-бір ғалым Ғарифолла Әнес болатын.
    Конференцияда сөз алған Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева: «Ғарифолла ағамыз Жаңалықтағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейді қалыптастыруда зор еңбек сіңірді. Осындай үлкен істің артында айтулы ғалым тұрмаса, музей ісі жанданар ма еді?!» – деп әңгімесін түйіндеді.
    Сөз сөйлегендер қатарында филология ғылым­дарының кандидаты Аманқос Мектептегі ғалыммен курстас бол­ған студент күндерін сағынышпен еске алды. «Адамгершілігі мен ғылымға деген ынта-ықыласы жас кезінде-ақ білініп тұратын. Мені ешқашан жанынан тастамайтын. Кез-келген министрлік, әкімшіліктің есігін еркін ашып сөйлесе алатын және өтінішін орындата білетін», – деді ол.
    Жиында көпшіліктің қалауымен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі ауласына кітапхана салу ұсынылды.
    «Ғарекең үлкен жүректі адам еді. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп отыратын. Алматы облысы қайта құрылып, облыстық медиа орталықты басқаруға келгенімде бір құшақ кітабын сыйға тартып еді. Ашық-жарқын, бауырмашыл бейнесі ешқашан ұмытылмайды. Осы музейдің ауласына Ғарифолла Әнес атындағы кітапхананың салынуын қуана қолдаймын», – деді Кәдірбек Құныпияұлы.
    «Арыс» баспасының директоры Назгүл Ғарифоллақызы әкесінің соңғы кітаптары туралы сөз қозғай келе: «Әкемнің, «Мемлекеттік тіл және тілші ғалымдар. Тұлғалар» және «Алаш тарихы – шерлі шежіре» кітаптарында қазақ зиялыларының тұлғасын анықтайтын зерттеулері, тіл туралы орфоэпиялық, орфографиялық, лингвистикалық тақы­рып­тар бойынша жазған мақалалары, газет-журналдарға берген сұхбаттары жарияланып отыр», – деді.
    Қорытындылай айтқанда, Ғарифолла ағамыз артына ұстаздық ұлағат пен мол ғылыми мұра қалдырды. Оның ғылым жолындағы төккен тері мен атқарған ерен еңбегі, ізденісте болған тарихшы ғалымдар мен шәкірттеріне шашқан шуағы ешқашан ұмытылмайды.

    Бағдат ШОЙБАС

    Талғар ауданы

    «ТАҒЫ КЕЛЕМІН!..»

    (Ғалым Ғарифолла ағамен қоштасу)

    Ұлу жылының бас шенінде, көктемде,
    Жомарт аспан ғазиз нұрын төккенде.
    Байтұрсынұлы музей-үйінде жүр едім,
    Көзімді салып өткен менен кеткенге.

    Күлімдеп кіріп келеді екен Ғарағаң,
    Тұлғасы таудай, рухы асқақ, нар адам.
    Ерте көктемде салқындау еді үй іші,
    Бар жылулықты алып кірді ағам даладан.

    Сәлемнен кейін: «Ахаңның ұлы, жүр!», – деді,
    «Көлік ішінде бір құшақ кітап тұр», – деді.
    Ахмет тұрған киелі үйдің сыртынан
    Көп кітап беріп, көлікке мінді, кірмеді.

    «Асығыс жүрмін, айналып тағы келемін,
    Кітаптар осы, аларсың өзің керегін.
    Жинай бер, інім, Алаш мұрасын, дерегін,
    Тағы не керек, сұрасаң саған беремін,
    Ахаң үйіне айналып тағы келемін…»

    Ғарифолла аға келмеді қайта музейге,
    Көңілден қалай өшеді енді бұл бейне?!
    «Асығып жүрмін» дегені кейбір кісінің –
    Қоштасуы екен, білмей қаламыз біз кейде.

    «Тағы келемін!» деп еді, қайта келмеді,
    Тағдырдың ісі тағат етпеді, көнбеді.
    Арыстар жоғын түгендеп жүрген арысты,
    Арыстан қалған жұрт жатыр ертең көмгелі.

    Алаштың ұлын қалаған екен Алласы,
    Тоқтаған екен атайы ердің арбасы.
    Алаш пен арыс, қазақ пен намыс дегеннің,
    Символы болған Әнестің Ғарифолласы!

    Қош, қош бол, аға, қимаймыз сізді Ғараға,
    Кеніш жүрекпен бейіштің бағын арала!
    Сара жол салдың сап-сары жазық далаға,
    Дара жол салдың Алашым деген балаға.
    Қош, қош бол, аға, жан аға!

    Әділет АХМЕТ,
    Ахмет Байтұрсынұлы
    музей-үйінің аға ғылыми қызметкері

    Ұсынымдар

    Қонаевта Республика күні атап өтілді

    Қонаевта Республика күні атап өтілді

    2 years ago
    Қиналған жұртқа дем берді

    Қиналған жұртқа дем берді

    2 years ago
    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    Орта білім берудегі цифрлық трансформация және тұрақты дамудың қиындықтары мен мүмкіндіктері

    2 years ago
    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы басталады

    8 months ago
    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>