Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі қылмыстық ахуал мен ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндалды.
✔️Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Ержан Сәденов:
✔️биылғы 7 айда қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде елдегі қылмыс саны 9 мыңға азайғанын мәлімдеді.
➤ Адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқа негізгі қылмыс түрлерінің төмендеуі байқалады. Бұл істерді ашу деңгейі жақсарып келеді.
➤ Ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды.
➤ Полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 миллиард теңгеден астам шығыны өтелді.
✔️қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады.
➤ Есепті кезеңде іздеуде жүрген 956 адам ұсталды, олардың 24-і шетелден Қазақстанға экстрадицияланды. Хабар-ошарсыз кеткен 600 адамның, соның ішінде 125 кәмелетке толмағанның жүрген жері анықталды.
➤ Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл аясында 6 call-орталық жойылды, 67 миллион жалған қоңырау мен 3 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,8 миллиард теңгені шығаруына жол берілмеді.
➤ 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылып, 19,5 мың есірткі сайты бұғатталды.
✔️мас күйде жасалатын қылмыстың алдын алу, кадрлық әлеуетті арттыру және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру шараларына тоқталды.
📌Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.
