⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің жаңа эпидемиологиялық маусымына дайындық басталды

    10.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің жаңа эпидемиологиялық маусымына дайындық басталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS
          Алматы облысында тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) маусымдық кезеңіне орай алдын алу шаралары күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муслим Сагадиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.
    2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап облыс тұрғындарына тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталады. «Эпидемиологиялық маусымға орай, Ресейде өндірілген “Гриппол плюс” вакцинасынан 160 мың доза сатып алынды», – деді Муслим Сагадиев.
    Вакцина 6 айдан асқан балаларға, жүкті әйелдерге, егде адамдар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға арналған. Қорғаныс әсері 8–12 күнде қалыптасып, бір жылға дейін сақталады.
    «Қазақстанда жыл сайын 4 миллионға жуық ЖРВИ жағдайы тіркеледі, олардың 65 пайызы – 14 жасқа дейінгі балаларда кездеседі», – деді Лейла Серікбаева .
    Облыс бойынша 305 егу кабинеті дайындалған. 15 қыркүйектен бастап мектептерде де вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында таңертеңгі сүзгілер, антисептиктерді қолдану, жеке гигиена бойынша түсіндіру жұмыстары, ауру белгілері бар балаларды уақытылы оқшаулау қарастырылған.
    «ЖРВИ өршіген кезде бір сыныптағы оқушылардың 30 пайызы ауырса, ол сынып қашықтан оқуға көшіріледі», – деді Муслим Сагадиев.
    Болжам бойынша, алдағы маусымда тұмау вирусының үш түрі – А/H1N1, А/H3N2 және В типі қатар айналымда болады. Вирустардың белсенділігі қазан айының ортасында басталып, қаңтар-ақпанда шарықтау шегіне жетеді.
    «Вирустың таралуын болдырмау үшін: маска тағу, қолды жиі жуу, бөлмені желдету, көпшілік жиналатын орындардан аулақ болу, ауру белгілері байқалғанда дәрігерге жүгіну керек», – деп түйіндеді Муслим Сагадиев.

    Ұсынымдар

    Әкім кубогы сарапқа салынды

    Әкім кубогы сарапқа салынды

    2 years ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы белгіленді

    2 years ago
    Газет оқу – мәдениет!

    Газет оқу – мәдениет!

    1 week ago
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    1 year ago
    Ғасыр белесінде

    Ғасыр белесінде

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>