⛅
22°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Газет оқу – мәдениет!

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Газет оқу – мәдениет!
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ұлттық басылым күнінің еліміздің рухани өміріндегі орны айрықша. Бұл – баспасөзге көрсетілген үлкен құрмет. Газет – қоғамның тыныс-тіршілігін шынайы жеткізіп, халық пен билік арасындағы сенімді көпірге айналған ерекше құндылық. Сондықтан бұл күн – журналистер еңбегін бағалау ғана емес, баспасөздің елдік мүддеге қызмет етіп келе жатқанын терең сезінетін тағылымды мереке.
    Мен еңбек жолымда мемлекеттік қызмет пен идеология саласында жұмыс істеп, газетпен үнемі тығыз байланыста болдым. Қоғамдық пікір қалыптастыруда, мемлекеттік саясатты түсіндіруде, ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеруде баспасөздің орны төрде екенін тәжірибе арқылы таныдым. Сол себепті қызмет барысында аудан, облыстағы ұжымдар мен мекемелерде газетке жазылуды насихаттап, ұлттық басылымдарды қолдауға барынша күш салдым. Өйткені газет – тек жаңалық жеткізуші ғана емес, ол – тәрбие мен таным, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның мектебі.
    Ақпараттық технологиялар дамыған бүгінгі заманда телефоннан-ақ түрлі жаңалық тарағанымен, газеттің салмағы кеміген жоқ. Қайта оның мазмұны мен жауапкершілігі артты. Баспасөз бетінде жарияланған әрбір мақала, ой сүзгісінен өткен, қоғамдық маңызы бар дүниелер оқырманды өзіне елітіп, ақпарат арасынан тұнықтық пен тазалықты сақтап келеді. Зейнеткерлікке шықсам да, әлі күнге дейін газеттен қол үзген емеспін. Күн сайын басылымдарды қарап, елдегі өзгерістер мен жаңалықтарға қанығып отырамын. Сонымен қатар түрлі қоғамдық тақырыптарда ой бөлісіп, өзім жазған мақалаларды да ұсынып тұрамын. Бұл – мен үшін қоғаммен байланыс үзбеудің, азаматтық белсенділікті биік ұстаудың бірден-бір жолы.
    Ұлттық басылымдар – ұлттық мүдде мен мемлекеттік тілдің, елдік сананың берік тірегі. Осы орайда барлық тілшілер қауымын Ұлттық басылым күнімен құттықтай отырып, баспасөзді қолдау – қоғамды қолдау, болашақты қолдау екенін атап өткім келеді. Газет оқитын ұрпақ барда елдің рухани іргесі де берік болары сөзсіз.

    Тұрсынгүл Мұқанова,
    Кеген, Райымбек аудандарының
    Құрметті азаматы, еңбек ардагері

    Соңғы жаңалықтар

    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    Глава государства напомнил об общей ответственности за защиту нашей планеты
    22.04.2026
    Консолидация международных усилий на Региональном экологическом саммите RES-2026
    22.04.2026
    RES EXPO – 2026: Алматы облысының өнімдері халықаралық көрмеге қойылды
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>