-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АЭС-тің артықшылығын білген абзал

    18.09.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    АЭС-тің артықшылығын білген абзал
    0
    SHARES
    39
    VIEWS

            Ертеңнің қамын бүгін ойламасақ, бүрсігүні опық жеп қалуымыз бек мүмкін. Оны дамыған және дами алмай отырған елдер мысалынан көріп тұрмыз. Отандық ғалымдар да елге керек энергия көзі туралы жүздеген дәлел мен дәйек келтіріп, түйінді тұсын толық жіліктеп берді.
    Орнықты энергия базасын құру – ауқымды міндет. Үлкен энергия көзін бір жерге жинап алып, сосын оны ретімен пайдаланып, сата береміз деген түсінік жоқ. Энергияны өндірдің бе, табан астында керегіңе жаратып үлгеру қажет. Артығын сол сәтте-ақ сатып жіберуге асыққан ләзім. Өйткені ол кәдімгі жел сияқты. Уысыңда ұстап тұра алмайсың. Сондықтан мамандар осы жүзжылдықта АЭС қана орнықты үлкен энергия базасы бола алатынын айтып отыр. Сондықтан оның артықшылығын білген абзал.
    Халық үшін референдум кезінде шешім қабылдау да оңай емес. Өйткені адамзат басынан өткен апаттар кесе-көлденең шыға береді. Бірақ интернет түймесін түртіп ізденген жан 60-70 жыл бұрынғы реакторлардың І буыны мен қазіргі заманауи ІІІ+ буыны арасындағы ара салмақты ажырата білсе керек. Оның үстіне, жарты ғасыр бұрынғы кезеңмен салыстырғанда экономика да өрістей түсті, ғылым да әжептәуір дамыды. Мұндай өркениет игіліктері экономикалық тиімді көрсеткіштерді ұсынуға, экологияға залалын тигізбеуге қабілетті болып отыр.
    Қазіргі ахуал өзгермесе 6-7 жылға жетпей елде электр энергиясы тапшылығы басталады. Су электр стансаларын салуға тауларымыз бен одан сарқыраған өзендеріміз аздық етеді. Жылу электр стансалары тиімсіз болады. Ондай стансаға инвестор тарту да қиын. Әрі өзіміздің де халықаралық міндеттемеміз бар, инвесторлар да экологиялық салық төлемі көп шығатын жобаға қаржы салуға құлықсыз.
    Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, біз сияқты тегіс жерде жайласқан елдердің барлығы негізгі электр энергиясын АЭС-тен алады. Жазық жерде орналасқан Сауд Арабиясы мен Франция осы сөзімізге анық дәлел болмақ.
    АЭС салуға батыл қадам жасауымызға тағы бір ілкімді себеп – елдегі мол уран қоры. Оны экспортқа шикізат ретінде ғана сатпай, электр энергиясына айналдырып сататын болсақ, пайда әркез біздің жағымызда болмақ. Тек электр энергиясын сатумен 2-3 млрд долларлық табыс табуға мүмкіндік бар.
    Тағы бір себеп – бірнеше реактор қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Ядролық институттарымыз және онда білікті ғалымдарымыз, мамандарымыз бар. Мемлекет бұл тарапта кадр тапшылығын да туындатпаймыз деп отыр. АЭС құрылысының басталуы жастарды осы бағытқа қарай ұмтылуға жігерлендірсе керек. Аралас салаларда бірнеше жұмыс орны ашылады. Ғылым жаңа өріс алады. Физика, химия, биология мамандарына сұраныс артады. Нәтижесінде, қазіргідей тек изотоптар шығарумен шектелмейміз.
    АЭС-тің орналасатын орны да тиімді. Электр энергиясы тапшылығын қазірдің өзінде көріп отырған оңтүстік өңірге жақын. Сондықтан ішкі жалпы өнімге де, бюджетке де оң әсер етеді. Ең маңыздысы – экологиямыздың көп мәселесін шешеді. Әсіресе қыста Алматы ауасын жылу электр стансаларынан құтқару мүмкін болады. Әбден тозығы жеткен олардың қызметін тоқтатып, бейбіт атом қуатын пайдаланамыз.

     

    Сапарбай ЖОБАЕВ,

    экономика ғылымдарының кандидаты

    «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтынан алынды

    Ұсынымдар

    Жаңа мектептің  іргетасы қаланды

    Жаңа мектептің іргетасы қаланды

    2 years ago
    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    9 months ago
    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    2 years ago
    Сараланбаған жоба сарсаңға салады

    Сараланбаған жоба сарсаңға салады

    8 months ago
    Құқықтық кеңес берілді

    Құқықтық кеңес берілді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.