-13 °c
Qonaev
Wednesday, September 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «AMANAT» партиясының араласуымен Төле би ауылындағы төрт жылға созылған мектеп құрылысы аяқталды

    01.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «AMANAT» партиясының араласуымен Төле би ауылындағы төрт жылға созылған мектеп құрылысы аяқталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектеп ашылды. Оның құрылысы қаржыландыру тапшылығына байланысты төрт жылға жуық уақытқа созылып кеткен еді. Осы уақыт аралығында 600-ден астам оқушы тар әрі жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта білім алуға мәжбүр болды. Жобаның аяқталуы «AMANAT» партиясының тікелей араласуымен мүмкін болды: партия бастамасымен облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, фракция депутаттары құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстады.

    Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакуповтың айтуынша, бастапқыда нысанды аяқтауға мемлекетке заңсыз шығарылып, кейін қайтарылған активтер есебінен 1,5 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл сома жеткіліксіз болды.

    «Осы кезде жағдайға «AMANAT» партиясы араласты. Партияның бастамасымен облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Депутаттар әр кезеңде жұмыс сапасын бақылап отырды. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, жаңа мектеп өз есігін ашты», – деді ол.

    Бұдан бөлек, жаңа оқу жылында Алматы облысында тағы сегіз мектеп пайдалануға берілді. Олардың барлығы ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Айрықша атап өтерлігі – Іле ауданына қарасты Мұхамеджан Түймебаев ауылында ашылған 900 орындық мектеп. Бұл нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бой көтеріп, партияның тікелей бақылауында болды.

    «Партия апатты және үш ауысымды мектептерді жоюды міндет етіп қойды. Екі жыл бұрын облыста мұндай 52 мектеп болған. Бүгінгі мектептің ашылуы – сол уәденің орындалғанының дәлелі. Ол Жол картасында белгіленген 63 нысанның бірі. Мұнда STEM зертханасы, робототехника кабинеті, спорт және шығармашылық сыныптар жабдықталған», – деп атап өтті облыстық филиалдың атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Кубентаев.

    Айта кетейік, білім беру инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Жаңа мектептердің ашылуы үш ауысымды оқытуды азайтып қана қоймай, мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге, сондай-ақ мыңдаған оқушыға заманауи әрі қауіпсіз жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Әлем назарындағы аламан

    Әлем назарындағы аламан

    1 year ago
    Алматы облысында KT&G компаниясының жаңа зауыты ашылды

    Алматы облысында KT&G компаниясының жаңа зауыты ашылды

    4 months ago
    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    2 years ago
    Шәмшінұр Нұрақызы,  «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    Шәмшінұр Нұрақызы, «Алатау жарық компаниясының» Жамбыл аудандық бөлімшесінің электр маманы: Электр энергиясы – тіршілік күретамыры

    2 months ago
    Алматы облысында республикалық жолдардан 300-ден астам сынама алынды

    Биылғы бірқатар жолдың құрылысы басталады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>