[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қапшағай су қоймасында жастар арасындағы желкенді спорт жарысы аяқталды

    30.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қапшағай су қоймасында жастар арасындағы желкенді спорт жарысы аяқталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қапшагай су қоймасының жағалауында Қазақстан Республикасы Жастар арасындағы VI спорттық ойындары аясында өткен желкенді спорттан жарыс өз мәресіне жетті.

    Бірнеше күн бойы су қоймасының акваториясы шынайы тартыс алаңына айналды: еліміздің әр аймағынан келген 60-тан астам спортшы желкенді қайықтарды басқарудағы шеберлігін, төзімділігін және желді еңсеру қабілетін көрсетті.

    «Жастар ойындары – болашақ желкенді спорттың іргетасы. Дәл осындай алаңдарда тәжірибе жинақталады, болашақ чемпиондар шыңдалады. Олар ертең еліміздің атынан әлемдік ареналарда өнер көрсетеді. Біз қатысушылардың дайындығының жоғары деңгейде болғанына қуаныштымыз. Бүгінгі таңда еліміздің жеті аймағында желкенді спорт белсенді дамып келеді. Бұл спорт түрі – тек ептілік пен техника ғана емес, сондай-ақ тәртіп, стратегиялық ойлау және командалық жұмыс. Бүгінгі жарыстар бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға, аймақтар арасындағы достықты нығайтуға, мықты ұрпақты тәрбиелеуге қосылған үлес», – деді Қазақстан Республикасы желкенді спорт федерациясының вице-президенті Мақсұт Нарбаев.

    Ауа райының құбылмалы болғанына қарамастан, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылардың жасы — 14 пен 23 жас аралығында. Мамандардың айтуынша, жастар ойыны – спортшыларға нақты тартыс жағдайында өз күшін сынап көруге, болашақ халықаралық регаталарға қажет тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік. Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 2025 жылдың қараша айында Малайзияда өтетін халықаралық регатаға қатысу мүмкіндігі беріледі.

    «Капшагай су қоймасының акваториясы – еліміздегі желкенді спорт үшін ең үздік орындардың бірі. Мұндай ауқымды турнирді қабылдап отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл жарыс аймақтың спорттық туризмін дамытуға және желкенді спортқа деген қызығушылықты арттыруға сеп болды. Биылғы жарыстарда біз еліміздің желкенді спорттағы болашағы бар жас буынды көрдік. Біздің балалар су бетінде көп жаттықты, маневр мен старттық тактиканы жетілдірді. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық 1-орынды жеңіп алды. Бұл жеңіске толық лайықты. Балалар бар күшін салып, жақсы нәтиже көрсетті», – деді Алматы облысының бас жаттықтырушысы Олег Куливацкий.

    15 жастағы қонаевтық спортшы Жандаулет Өмірзақ бұл біріншілікке бір айдан астам уақыт дайындалды. Ол 6 жыл ішінде жасөспірімдер арасында ел чемпионы атағын бес рет жеңіп үлгерген.

    — «Мен 10 жасымнан бері желкенді спортпен айналысамын. Жүлделерім өте көп. Бұл жолы «Луч-мини» және «470» класстары бойынша жеңімпаз болдым. Желкенді спорт тек қайықты басқаруға емес, өзіңді жеңуге, кез келген жағдайда шешім қабылдауға үйретеді. Жел бағыты өте күрделі болды, бірақ мен өзімді көрсетіп, командамның жеңіске жетуіне үлес қоса алғаныма қуаныштымын. Осындай үлкен турнирге қатысуға мүмкіндік бергені үшін жаттықтырушыларыма және ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді желкенді спорттан ҚР спорт шебері Жандаулет Өмірзақ.

    Жандаулет Өмірзақ «470» классы бойынша ұлдар арасында үздік атанса, қыздар арасында тағы бір қонаевтық спортшы Тұрсынай Әшірбай жеңімпаз атанды.

    Сондай-ақ, Алматы облысының атынан қатысқан келесі спортшылар чемпион атанды:

    • Антон Гаас («Луч» класы),
    • Руслан Алексеенко және Снежанна Рау («Луч-радиал»),
    • Алексей Андреев және Милана Мамедова («Луч-мини»),
    • Илья Иванов, Тахир Джикатов, Таисия Ильина және Мария Коваленко («Кадет»),
    • Валерия Хамидуллина («Оптимист»),
    • Максим Шкиль («Финн»).

    «Луч-2» класында 2-орынды Данил Боцман мен Захар Соин иеленді. Айта кетейік, барлық жүлдегерлер – республикалық деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін қатысушылары мен жеңімпаздары.

    Жалпыкомандалық есепте алғашқы үштікке Алматы облысынан бөлек Түркістан және Маңғыстау облыстарының яхташылары енді.

    Ұсынымдар

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе»

    9 hours ago
    Үздіктерді анықтайтын  доп додасы

    Үздіктерді анықтайтын доп додасы

    2 months ago
    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    Сенат төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті

    2 years ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    7 months ago
    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    ЕРМЕКСАЗДАН БАСТАЛҒАН ЕҢБЕК

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>