⛅
12°C
Қонаев
Жұма, Қыркүйек 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жағалаудағы жыр кеші

    18.09.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жағалаудағы жыр кеші
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қонаев шаһарында көрермен көңілін ойлы сөз бен сазды әуен әуезіне бөлеген «Махаббат портында жүздескенше» атты поэтикалық кеш өтті. Аспан астында самал жел лебіне елітіп, толқын ырғағына тебіреніп, лаулаған от ұшқынына ұйыған ақындар мөлдір жырын төгілтіп, әнші-композиторлар сазды әнін шырқады.

    Кеш облыстық орталық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен халық жүрегінен орын алған сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналды. Шараға Ұлықбек Есдәулет, Қадырғали Көбентай, Мұрат Шаймаран, Жақсыбек Қалелбек, Бағдат Мүбәрак, Қуат Қайранбаев, Мөлдір Айтбай, Мұхтар Күмісбек, Ақгүл Айдарбекқызы және өзге де жыр жүйріктері мен бұлбұл үнді таланттар қатысты.
    – Кітапхана ұжымы ұйымдастыратын шаралардың барлығы ғимарат ішінде өтетін. Осы дәстүрлі қағиданы бұзып, поэтикалық кешті ашық аспан астында, жағалау маңында өткізуді жөн көрдік. Шара тақырыбын махаббатқа арнадық. Адамдар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, махаббатын өлеңмен жеткізсе деген ниетпен алғаш рет осындай форматта ұйымдастырып отырмыз, – деді облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева.
    Поэтикалық кеш шымылдығын ашқан көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Тұманбай Молдағалиев жайлы естелігімен бөлісіп, ерекше бағыттағы шараның маңызына да тоқталып өтті.
    – Көріксіз өмірге көрік беретін, сүреңсіз тұрмысқа ажар бітіретін – өнер, оның ішінде поэзия. Өнер өмірдің көлеңкесі емес, керісінше жан-жүрегі. Сондықтан мұндай шараның өтуі көңіл қуантады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Қапшағай толқынының өзі шабыт шақырады. Поэзиялық кештің бітеу зал ішінде емес, шалқар дария жағасында өтуі ақындарға да, тыңдарманға да ерекше әсер береді. Табиғат өлеңді тудырса, өлеңді сол табиғат аясында оқыған екі есе ғажап. Поэзия жұрттың құлағына жетіп, жүрегінен орын алу керек. Меніңше, Қонаев жағалауы осындай поэзиялық кештерге сұранып тұрғандай. Мұны халықаралық деңгейде ауқымын кеңейтіп өткізсе, тіптен ғанибет болар еді, – дей келе жыр тасқынын ағытты.
    Жас ақын Ақгүл Айдарбекқызы мұн­дай бастамалар ақынға қанат бітіреті­нін жеткізді. «Қайнаған тіршілік қамымен өлең жазу өте қиын. Осындай кештерге келіп, көңілің толысып, ләззат алып, артынан өлеңдер туады», – деді ол.
    Осылайша жағалауға жан бітіріп, көңілге нәр берген поэтикалық кеш өлеңсүйер қауымның жүрегінен орын алды. «Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің», – деп жырлаған Тұманбай ақынның рухы да бір шалқыған шығар?!

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    БҰҰДТҰ: Саты ауылы – әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың бірі

    БҰҰДТҰ: Саты ауылы – әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың бірі

    2 years ago
    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    Алматы облысында тұрғындар жер телімін әділ бағалауды сұрайды

    2 years ago
    Архивтен табылған асыл мұра

    Архивтен табылған асыл мұра

    2 years ago
    Шаршы тақтадағы тартыс

    Шаршы тақтадағы тартыс

    5 months ago
    Көпбалалы ана: Әйелдердің жағдайын жақсарту үшін дауыс бердім

    Парламент Мәжілісі сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>