🌧️
4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АИТВ-сыз әлемде өмір сүру – әркімнің таңдауы!

    23.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    АИТВ-сыз әлемде өмір сүру – әркімнің таңдауы!
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          2025 жылдың 22 қазан күні Алматы облысы Қарасай ауданының жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2-тарауы, 1-тармағы – «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялау» аясында «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
    Дөңгелек үстел Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының және Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен өтті.
    Іс-шараның мақсаты – педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі білім деңгейін арттыру болды.
    Дөңгелек үстел жұмысына биология пәні мұғалімдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен мектеп мейірбикелері қатысты. Барлығы – 70 қатысушы.
    Іс-шара барысында бірнеше дәрігер баяндама жасады. Атап айтқанда «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында – Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиологы А. Сұлтанова. «Ерте жүктіліктің алдын алу» – Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері А. Өтепбергенова. «Ер балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау» – уролог дәрігер Е. Абуов. «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу» – дерматовенеролог дәрігер Т. Кузьмина. «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында – психолог С. Сұлтанғалиева.
    Қатысушылар мұндай кездесулердің педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу саласындағы білімін кеңейтуге және жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

    Самал Кеңшілікқызы,
    «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Облыс тұрғындары жылжымалы медициналық кешен тексеруінен өте бастады

    Облыс тұрғындары жылжымалы медициналық кешен тексеруінен өте бастады

    2 years ago
    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі

    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі

    2 months ago
    Энергетика вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

    Энергетика вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

    1 year ago
    Ақын есімі ұлықталды

    Ақын есімі ұлықталды

    6 months ago
    САЯБАҚҚА ЕСІМІ БЕРІЛДІ

    САЯБАҚҚА ЕСІМІ БЕРІЛДІ

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>