☀️
9°C
Қонаев
Жексенбі, Қараша 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асығы алшысынан түсті

    16.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Асығы алшысынан түсті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қонаев қаласында 2012-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында асық ату және бес асықтан облыстық чемпионат өтті. Дәстүрлі додаға барлық аудан, қалалардан 25 команда қатысып, 120-дан астам спортшы бақ сынады.

    Жарыстың ашылу салтанатында облыстық асық ату және бес асық федерациясының президенті Назым Байырбаев мұндай турнирлер ұлттық рухты көтеріп, жастарды ата-баба дәстүріне баулу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын айтты. Ол өз сөзінде:
    – Асық ату мен бес асық – ғасырлар қойнауынан жеткен қазақтың дәстүрлі ойындары. Ол ептілік пен дәл көздеуді, төзімділік пен шапшаңдықты дамытады. Қазіргі таңда бұл ойындар Қазақстанда ресми спорт түрлері ретінде дамып, өз федерациялары мен жарыс жүйесіне ие болды. Біздің облыстық федерация үш жыл бұрын құрылды. Сол уақыттан бері түрлі жас ерекшелігі бойынша бірнеше жарыс өткіздік. Биылдың өзінде алты бірдей сайыс ұйымдастырдық. Спортшыларымыз республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүр, – деп аймақтағы асық мергендерінің ел чемпионатында облыс намысын лайықты қорғап жүргендерін тілге тиек етті.
    Келесі сөз тізгінін алған жарыстың бас төрешісі Еркін Рақымбаев қатысу­шылардың дайындығы мен жарыстың тәрбиелік мәніне тоқталды.
    – Осындай жарыстар арқылы жас ұрпақтың бойында ата дәстүрге құрмет, ерік-жігер мен зейін қалыптасады. Қуантатыны – балалардың бұл ойындарға ерекше ынтамен қатысып, өз қабілетін көрсетуге барын салуы, – деді ол.
    Чемпионат бағдарламасында жеке және командалық сындар ұйымдас­тырылып, әр кезең тартысқа, спорттық серпін мен өзара құрметке толы болды. Жас асықшылар алғашқы сәттен-ақ шеберлігін танытып, жеңіске деген жігерін көрсетті. Өйткені бұл додада облыс чемпионы атағымен қатар, 2025 жылдың 26-30 қазан күндері аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өңір намысын қорғау жолдамасы сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша мергендігімен көзге түскен жүйріктер топ жарып, чемпион атағына ие болды. Асық атудан нысананы дәл көздеп, шеберлігімен дараланған Жамбыл ауданынан келген Әлинұр Асқарбек пен Тілеужан Бақытнұрұлы, талғарлық Юнус Мамуев, қарасайлық Талшын Асланбекқызы мен Гаухар Мұрат жеңіс тұғырынан көрінді. Ал жасөспірім ұлдар арасындағы командалық есепте ұлттық ойынға ерекше ықылас танытқан Жамбыл, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының спортшылары топ жарса, қыздар арасында Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының командалары алға шықты. Ұлттық дәстүрдің абыройын асқақтатқан бұл чемпионат жасөспірімдердің ұлттық ойынға деген қызығушылығы мен ептілігін, сондай-ақ қазақ халқының бай рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті айқын көрсетті.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    Қазақша сөйлейтін орыс жігіті

    6 months ago
    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    2 years ago
    Адал іс өрге бастайды

    Адал іс өрге бастайды

    4 months ago
    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    ЖІӨ-дегі Алматы облысының үлесі қандай?

    2 years ago
    Үздік жас геологтарға білім гранты табысталды

    Үздік жас геологтарға білім гранты табысталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>