⛅
12°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Күй өнерін ұлықтаған

    18.10.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Күй өнерін ұлықтаған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Алматыда дәулескер күйші, композитор Омархан Керімқұловтың 90 жылдығына арналған тағылымды кеш өтті. Облыстық кітапхана мұрындық болған «Күй – күйшінің мұрасы, ұлттың үні» атты шарада қазақ руханияты мен өнерінің көрнекті өкілдері бас қосып, айтулы тұлғаның өмірі мен өнер жолына тағзым етті.

    Күй құдіреті асқақтаған кеш шымылдығын көрнекті ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин ашты.
    – Омархан Керімқұлов – қазақ күй өнерінің алтын діңгектерінің бірі. Ол елдің еңсесі түскен қиын кезеңдерде де күйдің киесін жоғалтпай, байырғы күйшілер мектебін қайта тірілткен тұлға. Өшіп бара жатқан сарындарды санадан үзбей, ұлт рухын оятқан хас жүйріктердің бірі еді. Бүгін ол кісінің рухы ортамызда, себебі артында мұрасын түгендейтін ұрпағы, қадірін білетін халқы бар, – деді қаламгер. Сондай-ақ осы кешті ұйымдастырған күйшінің ұлы Қанапия Омарханұлына халық атынан алғыс айтты. Әке рухын ардақтаған ұлдың бұл ісі – бір әулеттің ғана емес, ұлт руханиятының жалғасуына қызмет ететін сауапты іс екенін әңгімеледі. Қанапия Омарханұлы өз кезегінде:
    – Әкем өмір бойы домбырамен сырласты. «Күй – адам тағдырының шежіресі» дейтін. Әр күйдің артында бір тағдыр, бір дәуірдің үні бар екенін айтып отыратын. Сол мұраны кейінгі ұрпақ ұмытпасын деген ниетпен осы кешті ұйымдастыруды парыз санадық. Қолдау танытып, сөзімізді жерге тастамаған Алматы облысының әкімдігіне, облыстық кітапхана ұжымына рахметімізді айтамыз, – деді ол толқи сөйлеп.
    Тағылымды шарада дәстүрлі күй өнерінің өкілі Айбол Құдайберген үш ішекті домбырада сырлы саз төкті. Қоңыр әуен тыңдарманды терең толғанысқа жетеледі. Одан кейін сахнаға көтерілген ғалым, педагог, жазушы Сағатбек Медеубекұлы күйші жайлы естелігімен бөлісті.
    – Омархан аға таби­ғатынан өнер үшін жаралған адам еді. Біз 1995 жылы Сөгетідегі үйіне барғанда, оның әр күйдің тарихын, орындаушысын жатқа білетініне таңғал­ғанбыз. «Қожекенің күйі», «Рақыштың күйі», «Сыбанқұлдың күйі», «Шіденнің күйі» – бәрін шертіп отырып, сол заманның елесін суреттейтін. Күй мен сөзді қатар өрген зерделі тұлға еді, – деді ол.
    Күйші-композитор Омархан Керімқұлов 1935 жылы Шелек өңіріндегі Сөгеті ауылында дүниеге келген. Жастайынан домбыраға әуес болып өседі. Кейін ел аралап, көненің көзіндей болған күйшілердің мұрасын хаттап, қағазға түсірген санаулы зерттеушілердің бірі болды. Оның орындауында тыңдарман жүрегіне жол тартқан күйлер шынайы таланттың шеберлігін таңбалай түсті. Осы орайда Сағатбек Медеубекұлы Омарханның күй мектебі – аймақтың өзіндік иірімін сақтаған, үні мен ырғағы бөлек, табиғи болмысы айқын мектеп екенін елмен бөлісіп, оның шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде күй өнерін дәріптеп, ұстаз дәстүрін жалғап келе жатқанын сөз етті.
    Кеш барысында Омархан Керімқұлов орындаған күйлер мен өзінің авторлық туындылары тарты­лып, көрерменді тәнтті етті. Сахнаға көтеріл­ген философия ғылымдары­ның докторы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Ержан Жәменкеевтің домбыра шертісі те көңіл толқытты. Күйден соң Ержан Жәменкеев:
    – Омархан Керімқұлов – қазақ күй өнерінің шежіресін бүгінге жеткізуші дара тұлға. Ол тек орындаушы емес, күй құдіретін тереңінен сезінген зерттеуші болды. Егер осындай адамдар болмағанда, бәлкім, талай мұра ұмытылар ма еді? – деді.
    Кешке келген өзге де қонақтар сахнаға көтеріліп, жылы лебіздерін ортаға салды. Омархан Керімқұловтың ұлт руханиятына сіңірген еңбегін айрықша атап өтіп, оның мұрасы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.
    Бұл кеш – ұлттың рухани жадын жаңғыртқан тағылымды жиын болды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Спортшылармен сырласты

    Спортшылармен сырласты

    3 months ago
    Ерлікпен пара-пар еңбек

    Ерлікпен пара-пар еңбек

    4 weeks ago
    Ауыл халқы азайып барады…

    Ауыл халқы азайып барады…

    2 years ago
    Ауылды сағынғанда…

    Ауылды сағынғанда…

    11 months ago
    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>