Республика күні – Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуындағы тарихи маңызы зор мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы қадамы жасалды. Бұл күн – халқымыздың өз тағдырын өзі шешуге, дербес ел болуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Бүгінгі таңда Республика күні – ел тарихындағы ерекше кезеңді еске түсіріп қана қоймай, Қазақстанның дамуы мен жетістіктерін бағалайтын күн. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің басты құндылығы – тәуелсіздік пен бірлік. Дәл осы құндылықтар жаңа ұрпақтың бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, ел болашағына сеніммен қарауға негіз болады.
Республика күні – әр азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятатын мереке. Бұл күнде ел ішінде түрлі мәдени іс-шаралар, форумдар, жастар кездесулері өткізіліп, жас буынға ел тарихын дәріптеу мақсат етіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері де бұл мерекені ерекше ықыласпен атап өтеді. Университет қабырғасында жыл сайын патриоттық іс-шаралар, дебаттар мен ғылыми конференциялар ұйымдастырылып, жастардың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру көзделеді.
Біздің буын үшін Республика күні – тек мереке емес, сонымен қатар жауапкершілік пен парызды сезінудің уақыты. Егемен елдің азаматтары ретінде біз білім мен еңбек арқылы мемлекетіміздің дамуына үлес қосуымыз қажет.
Қорытындылай келе, Республика күні – ел бірлігін, азаттық рухын және Қазақстан халқының ортақ мақсатын бейнелейтін мереке. Бұл күн – әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталатын тарихи дата.
Қонысбай Б. М.,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасы, 402 топ, топ эдайзері PhD докторы, доцент
