⛅
-4°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Табиғатқа қамқорлық

    09.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Табиғатқа қамқорлық
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Балқаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұқым жинау науқаны басталды. Бақанас ауылы маңындағы Іле өзені жағалауында өткен шараға орман шаруашылығы қызметкерлері, колледж студенттері және мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейту.

    – Қазіргі таңда облыста жиде және Шренк шыршасы тұқымын жинау апталығы жүріп жатыр. Облыс бойынша 1200 келі тұқым жинау жоспарланған. Жиналған өнім өңірдегі орман тұқымбақтарына жеткізіліп, алдағы көктемде көшет ретінде өсіріледі және орман қорын толықтыруға пайдаланылады. Облыста 124 гектар аумақта 2 тұрақты және 10 уақытша орман тұқымбағы жұмыс істейді, – деген облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мейірханова басқарманың атқарып жатқан жұмысы, алдағы жоспары жайлы да сөз қозғады. Айтуынша, 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бойынша облыста 23 мың гектар алқапқа 52 миллион ағаш егу көзделген. Бүгінгі таңда 17 мың гектарға 38 миллион көшет егілген. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд ағаш егу тапсырмасына сәйкес іске асырылуда. Сондай-ақ «Таза аймақ» және «Мөлдір бұлақ» акциялары өткізіліп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен бұлақ көздері тазартылған. Халықаралық құстар күніне орай 1000 дана құс ұясы жасалып, мектеп аулалары мен саябақтарға орнатылып, орманшылар мен оқушылар 15 түрлі ағаш тұқымының 13 келісін арнайы ыдыстарға отырғызған. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойына 14000 келі қарағаш тұқымы себілген.
    Шараға қатысқан Балқаш ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Гауһар Алмабек – «Ерікті жас орманшылар» үйірмесінің мүшесі. «Табиғатқа жанашыр болу – әр адамның азаматтық парызы. Жинаған тұқым болашақта орманға айналып, табиғатқа жан бітіреді. Мұндай шаралар қоршаған ортаға қамқор болуға, жанашырлыққа тәрбиелейді», – деді ол.
    Экологиялық акцияға 150-ге жуық адам қатысып, 200 келі тұқым жиналды. Алдағы уақытта бұл тұқым өңірдің жасыл желекке оранып, жайқалуына сеп болмақ.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Жазушы әлеміне саяхат

    Жазушы әлеміне саяхат

    11 months ago
    Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

    Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

    3 weeks ago
    Жастардың таңдауы – есірткісіз өмір!

    Жастардың таңдауы – есірткісіз өмір!

    3 months ago
    Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

    Кенеттен тексеріс: Десанттық-шабуылдау әскерлері дабылмен көтерілді

    1 week ago
    Антына адалдық танытқан

    Антына адалдық танытқан

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>