🌧️
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұрақтылық кепілі

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Тұрақтылық кепілі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Жамбыл ауда­ны әкімдігінің кіші мә­жі­ліс залын­да «АССАМБЛЕЯ. ПАР­ЛА­МЕНТ. МӘСЛИ­ХАТТАР» жо­басы аясын­да облыс­тық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев ауданның этно­мәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесті. Жиын «Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында өтті.

    Шараның мақсаты – этносаралық қатынасты, қоғамдық тұрақтылықты нығайту және Ассамблея жанынан құрылған депутаттық топтың жұмысын таныстыру. Шара барысында ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызы, Ассамблеяның қоғамдағы рөлі, этносаралық татулықты нығайту мәсе­лелері талқыланды.
    Жиынды аудан әкімі Нұрлан Ертас жүргізіп, шараға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтады. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналғанын, этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылғанын айтты. Ел бірлігі мен татулықты нығайтуға қызмет етіп келе жатқан ұйымның қоғамдағы рөліне тоқталды. Айтуынша, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары – ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестіктер өзге этностар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті қалып­тастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырып, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау мақсатында мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасуда.
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, этносаралық келісім – біздің мемлекетіміздің басты байлығы мен жетістігі. Қазақстан халқының бірлігі – тәуелсіздігіміздің тірегі. Сол себепті этносаралық қатынастарды нығайту – біздің басты міндетіміз», – деді аудан басшысы.
    Тұрақтылық пен этносаралық келісімнің нәтижесінде ел экономикасы дамып, әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға артып келеді. Жамбыл ауданында жүргізілген жұмыстар Қазақстан халқы Ассамблеясының ұстанымдарына сай, этностар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған. Ауданда 30 этнос өкілі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрыл­ған аудандық, ауылдық округтік ақсақалдар, аналар кеңестері жұмыс істейді. Олар жалпыұлттық бірлік пен келісімді сақтауға мейлінше ықпал етеді. Этносаралық татулықты нығайту мақсатында ауданда төрт этномәдени бірлестік пен орталық жұмыс атқарады. Бұл орталықтар аудан тұрғындарының мәдени және рухани өмірінің ажырамас бөлігі десе болады. Этномәдени бірлес­тіктер этносаралық қатынастар саласында пайда болған мәселелерді дер кезінде шешіп, тұрғындарды татулыққа, ауызбіршілікке шақырады. Қоғамда туындаған даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ықпал ету мақсатында аудан бойынша 4 кәсіби және 29 қоғамдық медиатор қызмет етеді.
    Негізгі баяндаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев жасады.
    – Бұл кездесудің мәні зор. Өйткені біз Мемлекет басшысының саяси бағытын жүзеге асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауда бірге еңбек етіп келе жатқан түрлі этнос өкілдерімен бір алаңда бас қосып отырмыз, – деді Қуат Сұлтанұлы.
    Ол осы жылы Қазақстан халқы Ассамблея­сының құрылғанына 30 жыл толып отырғанын, бұл – бірліктің, татулықтың, ел ішіндегі қоғамдық келісімнің үлкен белесі екенін атап өтті. Осы жылдар ішінде Ассамблея этнос өкілдерін бір шаңырақтың астына біріктіріп, бейбіт өмір мен өзара түсіністіктің берік негізіне айналды.
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның 34-сессиясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бірлік пен тұрақтылықтың символы, біздің ортақ үйіміздегі барлық ұлт пен ұлыстың келісімі мен ынтымағының айқын дәлелі» деп атап өтті. Мемлекет басшысының биылғы қыркүйектегі Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын нақтылап берді. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстанды жасанды интеллект дәуіріне бейімдеп, әлеуметтік әділеттілік, технологиялық жаңғыру және экономикалық серпіліс мәселелеріне ерекше назар аударылды», – деген баяндамашы еліміздің жаңа сапалық деңгейге көтерілуі үшін Жолдауда белгіленген жеті негізгі бағытқа жеке-жеке тоқталды.
    «Бұл міндеттер тек билікке емес, баршамызға ортақ жауапкершілік жүктейді. Қоғамдағы әрбір азамат, әрбір этнос, әрбір ұйым өз рөлін айқын сезінуге тиіс. «Көп тіл білген көкжиекті кеңейтеді, көп ұлтты құрметтеген кемел елге айналады» деген аталы сөз бар. Алматы облысы – 105 этнос өкілінің ортақ шаңырағы. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкерші­лік», – деді.
    Жиында этномәдени бірлестік жетек­шілері сөз алды. Бұл орайда «Алматы облыстық татар және башқұрт мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Ильдар Юлдабаев, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Рафик Гвиняшев, аудандық ұйғыр этномәдени орталығы жанындағы аналар кеңесінің төрағасы Рашида Сабитова ұлтаралық татулық, қазақстандық патриотизм төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық аналар кеңесінің төрағасы Гүлзира Станқұлова, Жамбыл аудандық қоғамдық кеңестің және аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Тәңірберген Қасымберкебаев сөз сөйледі.
    Жиынды қорытындылаған Нұрлан Ертасұлы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің белсенді жұмысы, жергілікті атқару органдарымен тығыз байланысы көп мәселені шешуге мүмкіндік беретініне, Ассамблеяның қызметі алдағы уақытта да еліміздегі татулық пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді. Соңында «Батамен ел көгерер» деген қазақтың жақсы тәмсілімен ауданның құрметті ақсақалы Әлқожа Баққожаұлы көп­шілікке бата берді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    2 years ago
    Президент: Еліміз үшін Бірлік күнінің маңызы зор

    Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

    2 years ago
    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    Алматы облысында ғалымдар мен фермерлер бас қосты

    2 years ago
    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    6 months ago
    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>