🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастардың денсаулық сауаттылығы – АИТВ-сыз болашақтың кепілі

    28.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Жастардың денсаулық сауаттылығы – АИТВ-сыз болашақтың кепілі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

             Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамығанымен, шалғай ауыл жастарының АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) туралы хабардарлығы әлі де жеткіліксіз. Бұл – қоғам үшін маңызды әрі алаңдатарлық мәселе.
    АИТВ – адамның иммундық жүйесін әлсіретіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін төмендететін вирус. Дегенмен, ерте анықтау және уақтылы ем қабылдау АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік алады.
    Алайда, ақпараттың тапшылығы мен жалған түсініктер салдарынан кейбір жастар АИТВ туралы нақты әрі сенімді білімге ие емес. Әсіресе, шалғай елді мекендерде бұл мәселе өзекті болып отыр.
    Жастардың хабардар болуына кедергі келтіретін негізгі себептер болып ашық ақпараттың тапшылығы — мектептер мен колледждерде АИТВ тақырыбын қамтитын арнайы сабақтар сирек өткізіледі. Ұялу мен стигма — бұл тақырыпты ата-анамен, ұстазбен немесе медицина қызметкерлерімен ашық талқылау әлі де қиын. Интернет пен медиа ресурстардың шектеулігі — сенімді дереккөздерге қол жеткізу мүмкіндігі аз. Жастарға арналған орталықтар туралы хабарсыздық — мобильді медицина мен сенім қызметтері туралы ақпарат аз таралған.
    АИТВ-ның алдын алу және жастардың ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында Алматы облысында ағымдағы жылдың 9 айында мектептер мен колледждерде бірқатар тренингтер, семинарлар және акциялар өткізілді. Бұл шаралармен 48 027 оқушы қамтылды.
    Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ жұқтыру қаупі жоғары жағдайларды талдап, алдын алу жолдарын, жедел тестілеу мүмкіндіктерін және басқа да маңызды аспектілерді қарастырды. Сонымен қатар, мамандар жастардың сауалдарына нақты жауап беріп, АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал етті.
    Мұндай кездесулер тек ақпарат берумен шектелмейді — олар жастар мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімді көпір қалыптастырады.
    Жастар – ел болашағы. Сондықтан олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы және АИТВ туралы нақты ақпаратқа ие болуы аса маңызды.
    Білімді таңдау – қауіпсіз өмірдің кепілі.
    Ал АИТВ-сыз болашақ – әрқайсымыздың саналы әрекетімізден басталады!

    Самал Қожалимова,
    ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    2 years ago
    Жол қауіпсіздігі  талапқа сай ма?

    Жол қауіпсіздігі талапқа сай ма?

    12 months ago
    Қонаевта жаңа жағажай қолданысқа берілді

    Жағажайды тазалады

    1 year ago
    Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

    Премьер-министр: Қызылшамен ауырғандардың көбі – екпе алмағандар

    2 years ago
    Президент: Еліміз үшін Бірлік күнінің маңызы зор

    Президент Қазақстан халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>