Перейти к содержимому
Басты бет / Ауыл шаруашылығы / Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары шеңберінде кредит берудің қандай шарттары бар?

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары шеңберінде кредит берудің қандай шарттары бар?

8 қаралым

Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, кредиттер береді:

1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;

ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;

қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;

өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;

осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;

құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;

қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

қой фермаларын (5000 бастан бастап);

5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды.

Алматы облысының ауылшаруашылығы басқармасы